Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу туралы хабарландыру

Целиноград аудандық мәслихаты 2022 жылғы 14 ақпанда сағат 11-де кандидаттар мен байқаушылардың қатысуымен Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтетінін хабарлайды.

Отырыстың күн тәртібі:

1. Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру процедурасы мен тәртібі жөніндегі заңнамалық нормалармен танысу.

2. Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша қоғамдық ұйымдардан, азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды талқылау.

3. Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарға дауыс беру, жұмыс тобының құрамын бекіту.

4. Жұмыс тобының басшысы мен хатшысын сайлау.

Дата публикации
11 февраля 2022