ЖОБА
Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева