Целиноград аудандық мәслихаты Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) сандық құрамы 5 адамды құрайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 28 қаңтар – 10 ақпан аралығында жүргізіледі.
Құжаттар Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, 401-кабинет мекенжайы бойынша «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұсынылады немесе celin_maslihat@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі.
Жұмыс тәртібі: «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі -демалыс күндер.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға 2022 жылғы 28 қаңтар – 10 ақпан аралығында Целиноград аудандық мәслихатына жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Анықтама телефоны: 8 (71651) 30-165.