ЖОБА
Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 2022 жылғы
«Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 наурыздағы № 192/27-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 наурыздағы № 192/27-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне:
39-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«39. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу кіретін аудандық мәслихат аппаратының қызметкері және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 38-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады»;
40-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева