Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2021 жылы атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы    № 91/17-7   2021 жылғы 23 желтоқсан

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының атқарылған

жұмыс жөнінде есебі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері, әлеуметтік саясат, қоғамдық тәртіп пен заңдылық, депутаттық уәкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының төрағалары С. А. Ибряевтың, И.С. Сәденованың есептерін тыңдай және талқылай келе, Целиноград аудандық мәслихаты 2021 жылдың есептік кезеңінде тұрақты комиссиялар өз өкілеттіктерін іске асыру бойынша нақты жұмыс жүргізгенін атап көрсетті.  

Тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарына сәйкес және ауданда мемлекеттік және аудандық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын бақылау мақсатында комиссия отырыстарында «Целиноград ауданының мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданының полиция бөлімі», «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемелері басшыларының есептері тыңдалды, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі», «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны келесі мәселелер бойынша тыңдалды:

Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйі және олардың қызметін жақсарту жөніндегі шаралар туралы;

Целиноград ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы;

Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы;

Целиноград ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жай-күйі, жөндеу және күтіп ұстау туралы;

Целиноград ауданының елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысы туралы;

ауданның жылумен жабдықтау нысандарын, кәсіпорындарын 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындау барысы туралы.

«Целиноград ауданының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешімнің жобасы.

Бюджеттің атқарылуы мен қалыптастырылуына байланысты мәселелер тұрақты комиссиялардың үнемі назарында болды. Ағымдағы жылы 2021 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері 5 рет, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттеріне 4 рет енгізілді. Бюджет қаражатының басым бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес тұрақты комиссиялар қарады, атқарушы органдардың бюджет қаражатының тиімді және мақсатты орындалуы бойынша жұмысына объективті баға беретін қорытынды дайындады және 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті мамыр айында кезекті сессияның бекітуіне енгізді.

Заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия аудан әкімінің «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсынымдарын қарап, 2 кандидатураға тиісті оң қорытынды шығарды.

Сонымен қатар, алдын-ала қарауға және комиссиялар мен сессияларға мәселелерді дайындауға көп көңіл бөлінді. Құрамында депутаттар мен аудандық мәслихат мамандары бар уақытша жұмыс топтары құрылды.

Есепті 2021 жылы тұрақты комиссиялардың барлығы 17 отырысы өткізілді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық мәслихаттың барлық депутаттарының сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді талқылауға белсенді қатысуын атап өткен жөн. Анықталған мәселелер, кемшіліктер қабылданған қаулыларда көрсетілген. Отырыстар бұрынғыдай облыстық мәслихат депутаттарының, аудан әкімі мен оның орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық газет редакторының қатысуымен өтеді.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізу туралы материалдар аitube -арнада, аудандық мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде және аудандық газеттерде жарияланады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары аудандық мәслихаттың қабылданған қаулылары мен шешімдерін бақылау жөніндегі функцияларды неғұрлым тиімді пайдалануы қажет.

Жоғарыда аталғанның негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.

2. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары (С. А. Ибряев, И.С. Сәденова) өз жұмысының тәсілі мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырсын, осы мақсатта:

жұмыс ұдайы жетілдірілсін, бұл жұмысқа жұртшылық тартылсын;

Целиноград аудандық мәслихаты сессияларының және тұрақты комиссияларының қарауына ең өзекті мәселелерді енгізу бойынша жұмысы жетілдірілсін;

мәселелерді сапалы және объективті дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құрып, жергілікті жерлерге шығу ұйымдастырылсын.

сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар берілсін және қажет болған жағдайда олар бойынша қосымша баяндамалар ұсынылсын;

мақсатты, өз құзыреті шегінде комиссия қаулылары мен Целиноград аудандық мәслихаты сессияларының шешімдерін іске асыру жөніндегі бақылау функциялары жүзеге асырылсын.

3. Аудандық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың жұмысын аса тиімді ету мақсатында:

аудандық мәслихатқа сұратылатын ақпаратты уақытылы ұсынсын, мәселелерді дайындау және талқылауға белсенді ат салыссын;

халықты тұрақты комиссиялардың жұмысы және депутаттық қызмет туралы белсенді хабардар етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағалары С. А. Ибряевқа, И.С. Сәденоваға жүктелсін.

5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                           Л.Конарбаева

Дата публикации
23 декабря 2021