«Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімі туралы ереже

Бекітемін

Целиноград аудандық мәслихаты

хатшысының өкімімен

2021 жылғы 8 желтоқсан

№ 03-01/61  

 

«Целиноград аудандық мәслихатының аппараты»

 мемлекеттік мекемесінің

ұйымдастыру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Ұйымдастыру бөлімі «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  

2. Ұйымдастыру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Целиноград аудандық мәслихатының регламентін, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Ұйымдастыру бөлімінің құрылымын, штат санын Целеноград аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде бекітеді.

4. Ұйымдастыру бөлімі мыналардан тұрады:

- бөлімінің басшысы;

- бас маман - бас бухгалтер - 1;

- бас мамандар - 2.

2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің міндеттері, құқықтары мен міндеттері

5. Ұйымдастыру бөлімінің негізгі міндеті: аудандық мәслихаттың, оның сессияларының, тұрақты комиссияларының, уақытша жұмыс комиссияларының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету, аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің қабылдануын және олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету.

6. Ұйымдастыру бөлімі өз құзыреті шегінде:

мәслихат қызметінің мәселелері бойынша ауданның атқарушы органдарымен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау;

өз өкілеттіктері мен құзыреті шегінде мемлекеттік органның сиссиясын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мәселелерді шешуге қатысу;

атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан аудандық мәслихаттың, оның органдарының, депутаттарының қызметін жүзеге асыруға, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпаратты, құжаттарды, қорытындыларды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты комиссияларының, уақытша жұмыс комиссияларының отырыстарын, депутаттық сағаттың, аппараттық кеңестердің өтуін және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және оларға қатысуға, аудандық мәслихатта қаралатын мәселелерді әзірлеуге және шешуге өзге де мемлекеттік мекемелер мен құрылымдардың қызметкерлерін тартуға құқылы;

сессияның күн тәртібін және жұмыс тәртібін қалыптастыру, шешімдерді, баяндамаларды, сөйлеген сөздердің мәтіндерін және басқа да материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

сессия материалдарын аудандық мәслихат хатшысына және депутаттарына, атқарушы органдарға уақтылы ұсыну;

мәслихат сессияларында, тұрақты комиссияларда айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстарды қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс - шараларды әзірлеу;

мәслихаттың, оның органдарының, депутаттардың ресми аккаунттарындағы қызметі туралы материалдарды дайындауды және жариялауды қамтамасыз етеді;

Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында, аудандық мәслихаттың шешімдерінде, аудандық мәслихат хатшысының өкімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

7. Ұйымдастыру бөлімі өз құзыреті шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың, уақытша жұмыс комиссияларының отырыстарын, депутаттық сағатты, сайлаушылармен кездесулерді, депутаттардың қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысуын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

сессия барысында атқарушы билік органдарына, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына келіп түскен депутаттардың сауалдары мен өтініштерінің қаралуын бақылайды;

мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарайды;

аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және өзге де шешімдер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

мәслихат сессияларының шешімдерін қабылдауды, «құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жіберуді қамтамасыз етеді;

аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асырады;

аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жүзеге асырады;

атқарушы органдар басшыларының есептерін, келіп түскен ақпараттарды жинақтауды, талдауды, аудандық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындауды жүзеге асырады;

ауданның сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

мәслихаттың ресми сайтын аудандық мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толықтыруды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

8. Ұйымдастыру бөлімі заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

9. Ұйымдастыру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

10. Ұйымдастыру бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға толық жауапты болады.

11. Ұйымдастыру бөлімінің басшысы аудандық мәслихат хатшысына, мәслихат аппаратының басшысына ұйымдастыру бөлімінің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Ұйымдастыру бөлімінің басшысы болмаған кезеңде (еңбек демалысы, жалақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, еңбекке уақытша жарамсыздық және тағы басқа) мәслихат хатшысының өкімі бойынша оның міндеттерін бөлімнің бас мамандарының бірі уақытша атқарады.

Дата публикации
13 января 2022