Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Ақмол ауылы № 02-01/39 23 желтоқсан 2021 жыл
2022-2024 жылдарға арналған
ауылдар, ауылдық округтер
бюджеттері жобасы туралы
Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновтың «2022-2024 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтері бюджеттері туралы» мәселе бойынша ақпаратын тыңдай және талқылай келе, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері жобасы негізінен аудан экономикасының ары қарай дамуы мен тұрақтылығына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне бағытталғанын тұрақты комиссия атап өтті.
2022 жылдың ауылдар, ауылдық округтердің кіріс соммасы, сәйкесінше шығын сомасы 1 392 006 мың теңге болып белгіленді.
Кірістер құрамында анықталған: салық түсімі – 243 424 мың теңге. Трансферттердің түсімдері 883 032 мың теңге құрайды, оның ішінде субвенциялар 142 788 мың теңге.
Тұтас алғанда, ұсынылған бюджет жобасында ауылдық елді мекендердің барлық негізгі даму аспектілері есепке алынған, және ол біздің мемлекетіміздің даму стратегиясына Үкіметтің экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламасына толығымен жауап береді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновтың «2022-2024 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновқа «2022-2024 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешім жобасы аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында бекітуге енгізу ұсынылсын.
3. 2022-2024 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтерінің бюджеттері жобасына қоса беріліп отырған Қорытынды бекітілсін.
4. Аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы И.С. Сәденоваға 2022-2024 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері жобасы бойынша Қорытындымен сессияда сөз сөйлеу тапсырылсын.
Целиноград аудандық
мәслихатының тұрақты
комиссия төрағалары И. Сәденова
С. Ибряев