2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы

Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Ақмол ауылы     № 02-01/38    23 желтоқсан 2021 жыл

 

2022-2024 жылдарға арналған

аудандық бюджет жобасы туралы

Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновтың «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» мәселе бойынша ақпаратын тыңдай және талқылай келе, аудандық бюджет жобасы негізінен аудан экономикасының ары қарай дамуы мен тұрақтылығына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне  бағытталғанын тұрақты комиссия атап өтті.

2022 жылдың аудандық бюджет кіріс соммасы 32 125 349 мың теңге және шығын соммасы 32 059 349 мың теңге болып белгіленді.

Кірістер құрамында анықталған: салық түсімі – 3 347 967 мың теңге, салыққа жатпайтын түсім – 37 216 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10 000 мың теңге. Трансферттердің түсімдері 28 730 166 мың теңге құрайды, оның ішінде субвенциялар 8 032 161 мың теңге.

Шығындар құрамында 25 пайыз мөлшерінде ауылдық жерде тұратын және жұмыс істеп жүрген, білім, әлеуметтік қауіпсіздік, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына еңбек ақысынан және тарифтік мөлшерлемесінен қосымша төлем орнатылған.       

Бюджет жобасында аудандық бюджет бағдарламаларының тізімдері анықталды: аудандық бюджеттің дамуы, бюджетті орындау барысында секвестрге жатпайтын, ауылдық округ әкімдері әкімшілігінің аппараты бойынша.      

Тұтас алғанда, ұсынылған бюджет жобасында ауданның барлық негізгі даму аспектілері есепке алынған, және ол біздің мемлекетіміздің даму стратегиясына Үкіметтің экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламасына толығымен жауап береді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновтың «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» баяндамасы назарға алынсын.

2. Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ә. Куликеновқа «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімі жобасы аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында бекітуге енгізу ұсынылсын.

3. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына қоса беріліп отырған Қорытынды бекітілсін.

4. Аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы И.С. Сәденоваға 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы бойынша Қорытындымен сессияда сөз сөйлеу тапсырылсын.

        

Целиноград аудандық                                                       

мәслихатының тұрақты                                                    

комиссия төрағалары                        И.Сәденова

                                                                  С. Ибряев                               

2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 02-01/38 қаулы
Дата публикации
23 декабря 2021