«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы» Целиноград аудандық мәслихаты шешімінің жобасы туралы

Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Ақмол ауылы             02-01/35          2 қараша 2021 жыл

 

«Целиноград ауданының

құрметті азаматы» атағын беру

туралы»  Целиноград аудандық

мәслихаты шешімінің жобасы туралы  

Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (ауданының, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру Ережелерінің 9-тармағына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 1 қарашадағы ұсынымдары негізінде Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының қоса берілген қорытындылары бекітілсін.

2. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешімнің жобасы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясының бекітуіне енгізілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (С. Ибряев) жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихаты тұрақты

комиссиясының

төрағасы                                              С. Ибряев                                       

2021 жылғы 2 қарашадағы № 02-01/35 қаулы
Дата публикации
02 ноября 2021