Целиноград аудандық мәслихатының
2022 жылға арналған перспективалық
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жұмабайға жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2021 жылғы ___ _______________
№ ______ шешіміне қосымша
Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары
1-тоқсан:
1. Целиноград ауданындағы білім беру сапасы туралы
2. Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының атқарылған жұмыс туралы есебі.
наурыз
2-тоқсан:
1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. 2021 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
мамыр
3. Целиноград ауданында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы
маусым
3-тоқсан:
Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есебі.
тамыз
4-тоқсан:
1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
2. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі
желтоқсан
3. 2023-2025 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері туралы
желтоқсан
Бұрын қабылданған шешімдердің, сессияларда айтылған сыни ескертпелер мен ұсыныстардың, аудандық мәслихаттың негізгі қызметтерінен туындайтын депутаттық сауалдар мен өзге мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат сессияларда мерзімді қаралсын.