XVIII сессияның күн тәртібі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы    № 96/18-7   2021 жылғы 24 желтоқсан

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық мәслихатының

кезектен тыс он сегізінші

сессиясының күн тәртібі туралы

        

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. 2022-2024 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.

Баяндамашы: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2. Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қазандағы № 65/7-6 «Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы.

3. «Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 33/3-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 434/65-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 207/29-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Арипханова Махаббат   Қайырболатқызы, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

6. Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 161/21-6 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Арипханова Махаббат   Қайырболатқызы, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 341/48-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Нұртазин Асқар Айтмұхамбетұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

24.12.2021 ж. № 96/18-7 шешім
Дата публикации
24 декабря 2021