Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 89/17-7 2021 жылғы 23 желтоқсан
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезекті
он жетінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндаушы: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарылған жұмыс жөнінде есебі туралы.
Ақпарат беруші: Саденова Индира Сабырбекқызы, Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрайымы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Конарбаева Ляззат Амангельдиновна, Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы.
4. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
5. Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту, оны ұстау үшін шығыстар мен Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған қызметін қамсыздандыру туралы.
6. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева