XVI сессияның күн тәртібі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы       № 84/16-7      2021 жылғы 30 қараша

 

Жетінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезектен тыс

он алтыншы сессиясының

күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 476/71-6 «2021-2023 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

2. 2022 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әділбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

3. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 55/11-7 «Целиноград аудандық мәслихаты жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

30.11.2021 ж. № 84/16-7 шешім
Дата публикации
30 ноября 2021