XV сессияның күн тәртібі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы          № 75/15-7       2021 жылғы 2 қараша

 

Жетінші шақырылған Целиноград

аудандық мәслихатының кезектен тыс

он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі бөлімнің басшысы.

2. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 40/8-7 «Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Оспанов Серік Бейсембекұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы.

3. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 466/70-6 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әдылбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 236/34-5 «Аудандық бюджеттік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әдылбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

5. «Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Ақпарат беруші: Айткужинова Алма Көкішқызы, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары.

6. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Ирешова Салтанат Сансызбайқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 275/40-6 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр Жұмабайұлы, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

8. «Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 291/42-6 шешімінің күшін жою туралы.

Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр Жұмабайұлы, «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

02.11.2021 ж. № 75/15-7 шешім
Дата публикации
02 ноября 2021