Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы

Оралбекұлы Дидар

1978 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Қатон ауылында Рыков атындағы мектепте қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастады. М. Әуезов атындағы Мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Риддер қаласының «Шаңырақ» мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Риддер қаласы «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сервистік цехының аудармашысы.

2007-2008 жылдары -  Риддер қаласы қалалық білім бөлімінің әдіскері.

2008-2009 жылдары - Риддер қаласы мемлекеттік тілді оқыту орталығының мұғалімі, әдіскері.   

2008-2009 жылдары -  Риддер қаласы Мәдениет сарайының жүргізушісі.

2009-2011 жылдары - Риддер қаласы «Жерұйық» газетінің редакторы.

2011 ж. - Риддер қаласы қалалық білім бөлімінің тілдер жөніндегі әдіскері.

2011-2013 жылдары - Риддер қаласының халық Достығы Үйінің директоры.

2013-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кеңесшісі.

2015 жылдың тамыз айынан - Шығыс Қазақстан «Менің Өлкем» облыстық газетінің тілшісі.

2015-2021 жылдары – «Казанат» журналының шеф-редакторы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңажол ауылы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2018-2020 жылдары - Ақмола облысы Целиноград ауданы ішкі саясат бөлімінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың наурыз айынан бастап Целиноград ауданы мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 03-03/17 өкімімен Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы лауазымына қабылданды.

Қоғамдық кеңес хатшысының өкілеттіктері («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағы):

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.

Дата публикации
27 октября 2021