Целиноград ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерінің жиналысы хаттамасы
Ақмол ауылы 15 қазан 2021 жыл
Қатысқандар:
Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің 15 мүшесі
Төрағалық етуші:
Әшбеков С.Қ. - председатель Общественного совета Целиноградского района.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге Рашит Қайыржанұлы Әкімовтың кандидатурасын қарау туралы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков тыңдалды.
Өз сөзінде С.Қ. Әшебеков, Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) Құрметті азаматы» атағын беру ережесіне сәйкес, атақ оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан облыстың еңбек сіңірген азаматтарына беріледі. Атақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат шешімімен жылына бір рет беріледі.
Барлық қатысушылар кандидаттың өмірбаяндық мәліметтерімен таныстырылды:
ӨМІРБАЯН
|
Әкімов Рашит Қайыржанұлы |
|
Соңғы лауазымы: Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. |
|
Туған күні: 15.03.1954. |
|
Туған жері: ҚазССР; Павлодар облысы, Ертіс ауданы,Үлгілі ауылы |
|
Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: Ø Жұбайы: Акимова Раушан Садықбекқызы (1957 жылы туған) Ø Балалары: қыздары - Әкімова Шынар (1979 жылы туған), Әкімова Гүлнар (1982 жылы туған), Әкімова Назгүл (1990 жылы туған). |
|
Тілдерді білуі: Ø Қазақ, орыс |
|
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Ø Целиноград ауылшаруашылық институты (1980) Мал дәрігері Ø «Фемида» заң академиясы (2005) Заңгер |
|
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі: Ø Витебск ветеринарлық институтының аспиранты (1984-1987) Ø Ветеринария ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қойлардың бронхопневмониясының алдын алу және кешенді терапиядағы иммуномодуляторлардың аэрозольдері» (1987). |
|
Еңбек өтілі: Ø Кеңшардың әр түрлі жұмысты атқаратын жұмысшысы (1970); Ø Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқу-тәжірибе шаруашылығының аға мал дәрігері (1980-1983); Ø Ассистент, бас мал дәрігері, Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқу-тәжірибе шаруашылығы директорының орынбасары (1987-1993); Ø Целиноград аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (1993-1994); Ø «Нұра» АҚ Басқарма төрағасы (1994-1997); Ø Целиноград ауданының әкімі (07.1997-04.1999); Ø Щучинск ауданының әкімі (04.1999-10.2004); Ø Көкшетау қаласының әкімі (10.2004-09.2007); Ø Астрахан ауданының әкімі (09.2007-04.2012); Ø Ақкөл ауданының әкімі (04.2012-2013); Ø Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары (02.2013-10.2014); |
|
Сайланбалы қызметтері, депутаттық: Ø Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (10.2014 ж. бастап), аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің (17.10.2014 ж. бастап), аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі (с 04.09.2017) |
|
Ø Партийная принадлежность: «Nur Otan» партиясының мүшесі (2006 жылдан бастап) |
|
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: Ø Ордендер: «Парасат» (2007), «Құрмет» (1999); Ø Медальдар: «Астана» (1998); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011); «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» (2014); «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» (2014); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015); «За укрепления Парламентского сотруничества» (2017); «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2018); «Астана 20 жыл» (2018); «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»; «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»; «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдерімен марапатталған. |
|
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер: Ø Совет Армиясы қатарында (1972-1974); Ø Запастағы подполковник |
Түгелбаев Ж.С., аудандық газеттердің редакторы, Қоғамдық кеңестің мүшесі, Целиноград ауданының Құрметті азаматы:
Рашит Қайыржанұлын жақсы білеміз. Ол кісі - ауданда өте құрметті адам. Ол аудан әкімі болып қызмет атқарды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін көп жұмыс жасады. Ол ауыл еңбеккерлері арасында лайықты беделге ие. Оның еңбек өмірбаяны құрметке лайық.
Тек еңбек адамды биіктерге көтере алады. Кез келген мемлекеттің игілігі Әкімов Рашит Қайыржанұлы сияқты патриоттардың үлесімен өлшенеді!
ШЕШТІ:
«Целиноград ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге кандидатура мақұлдансын және ол Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыс тобының қарауына жіберілсін.
Осы ұсынысты қолдаймын дегендеріңіз, дауыс беріңіздер.
Кім қолдайды? – 15
Қалыс қалды? – жоқ
Қалыс қалды?– нет.
Бірауыздан.
Жиын төрағасы С. Әшебеков
Хатшы Д. Оралбекұлы