Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Ақмол ауылы № 02-01/31 17 қыркүйек 2021 жыл
Ауданның жылумен жабдықтау
объектілерін, кәсіпорындарын
2021-2022 жылғы жылу беру
маусымына дайындау барысы туралы
«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М.М. Саматовтың, «Целиноград жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Е. Нұғмановтың жоғарыда аталған мәселе бойынша ақпараттарын тыңдай және талқылай келе Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жылу беру маусымына дайындық бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Тұрғындарға жылумен жабдықтауды ұйымдастыруды Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы «Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – коммуналдық кәсіпорын), сондай-ақ «Целиноград жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.
Жылумен жабдықтау нысандарына қызмет көрсету мен жөнделуін көрсетілген кәсіпорындар бюджеттік және меншік қаражаттары есебінен жүзеге асырады.
Қуаты 54 Гкал/сағ орталық қазандық 27 бюджеттік ұйымды, 33 көп қабатты тұрғын үйді, 517 жеке үйді және коммерциялық құрылымдарды жылытады. Жылу желілерінің жалпы ауданы 214 122,59 шаршы метрді құрайды, ұзындығы 36,6 километрді құрайды. Ақмол ауылының № 2, 3 шағын аудандарын орталық жылуға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Коммуналдық кәсіпорын қазандық агрегатының тиек арматурасына жөндеу экономайзерлердің, қоректендіру сорғыларының барабандары мен қыздыру беттерін жуу, тазалау, шикі су және тұз сорғыларын жөндеу, түтін сорғысы мен жылу алмастырғыштарды, көмір беру транспортерлерін, циклондар мен желдеткіштерді жөндеу, қазандық агрегаттарының қоректендіру желісін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда жылу көзі жылыту маусымына 60 пайызға дайын.
Тарифтік сметаға сәйкес көмірге субсидия 239125 мың теңге мөлшерінде бөлінеді. Бүгінгі таңда орталық қазандық қоймасында 1833 тонна көмір бар. Тағы 7600 тонна көмір қажет етіледі.
«Целиноград жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сенімді басқаруына 56 қазандық берілген, олар Целиноград ауданының 63 білім нысанын жылумен жабдықтайды. 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымында жылу көлемін іске асыру көлемі 26608 Гкал құрады. Жылу тарату компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізді, жоспарға сәйкес барлық мектеп қазандықтарында күл шығаратын қазандықтарды консервациялау және жабдықтарды сырлау және қазандықтарды ақтау жүргізілді. Талапкер ауылындағы орта мектепте 2 бірлік түтін сорғыштар, Арайлы және Ыбырай Алтынсарин ауылдарының орта мектептерінде, Шұбар ауылындағы негізгі мектепте циркуляциялық сорғыштар, Нұресіл, Қажымұқан, Ынтымақ, Ыбырай Алтынсарин, Жаңаесіл, Жаңа Жайнақ мектептерінде қоректендіру сорғыштары орнатылды. Мортық ауылындағы орта мектептің жылу трассасын жылыту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 56 қазандықтың барлығы іске қосуға дайын, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары авариялық жағдайлар кезінде резервті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудан бойынша көмірге жалпы қажеттілік жылына 12650 тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, жылумен жабдықтау нысандарына мамандандырылған қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруда, сондай-ақ халықты жылумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктер бар.
Ақмол ауылында құрылысы 2018 жылы басталған қазандықты қамтамасыз ететін техникалық су құбыры құрылысы аяқталмаған. Жылу желілерінің гидравликалық сынақтары толық аяқталған жоқ. Ақмол ауылы «Бақыт» шағын ауданындағы № 1-16 үйлерге ешбір қызмет көрсету компаниясымен қызмет көрсетілмейді, жылыту маусымына дайындық нөлдік деңгейде, себебі аталған тұрғын үйлерде инженерлік желілерді жуу, жөндеу жүргізілмейді.
Жылыту маусымы кезінде ауданның әлеуметтік нысандарының ғимараттарында температуралық режим сақталмайды. Мектептерде, балабақшаларда ауа температурасының өте төмен болуы проблемасы қалып отыр, бұл санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Бұл температуралық режимнің бұзылуы балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сыртқы ауа температурасы 10 градус С төмен төмендеген кезде жылу тасымалдағыштың параметрлері температура кестесіне сәйкес келмейді. Мектептер сапасыз отынмен қамтамасыз етілуде, және бұл жағдай жыл сайын қайталануда.
Қазандықта қосалқы бөлшектер (электр қозғалтқыштары мен сорғылар) жетіспейді. Бірқатар ауылдық округтерде қазандықтарға жөндеу жұмыстары және көмір сатып алу жүргізілген жоқ. Көмірді дұрыс сақтау мәселесі тиісті деңгейде қарастырылмайды, бұл оқушылардың қауіпсіздігіне едәуір қауіп төндіреді.
Қиын жағдайларға қарамастан, қазандық операторларының жалақысы өте аз. Жаңа жылыту маусымы басталар алдында қазандықтар кадр тапшылығына тап болады. Қазандық операторлары толық көлемде қорғау құралдарымен, қажетті мүліктермен қамтамасыз етілмейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М.М. Саматовтың, «Целиноград жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Е. Нұғмановтың «Ауданның жылумен жабдықтау объектілерін, кәсіпорындарын 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындау барысы туралы» мәселе бойынша ақпараттары назарға алынсын.
2. «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (М. Саматов):
1) Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асырсын, олардың қызметіне мониторинг жүргізсін және белгіленген мерзімдерге сәйкес аудан әкімдігін оның нәтижелері туралы хабардар етсін;
2) «Целиноград ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (С. Сүлейменов) бірлесіп:
су құбыры және жылу желілерінің құрылысын аяқтау мәселесін шешсін.
3. Аудан әкімдігіне, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б. Оспанбеков, Б. Куликенов):
1) мемлекеттік, салалық және аудандық бағдарламалар шеңберінде жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға көзделген бюджет қаражатының, оның ішінде ағымдағы трансферттер мен даму трансферттерінің нысаналы және сапалы орындалуын бақылауды күшейтсін;
2) аудан әкімдігінің отырыстарында және аудан әкімінің аппараттық кеңестерінде мемлекеттік мекемелердің жауапты басшыларының жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға көзделген бюджет қаражатының орындалуы туралы есептерін кезең-кезеңімен тыңдасын.
4. Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына (Қ. Ағзамұлы), «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М. Саматов):
1) 2021 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15 «Бақыт» шағын ауданында үйлерге қызмет көрсету және жылыту маусымына дайындық үшін мүлік иелерінің бірлестігін, қарапайым серіктестікті құрсын;
2) 2022 жылғы 1 шілдесіне дейін сертификаты бар көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету жөніндегі сервистік басқарушы компанияны ауданға тарту туралы ұсыныстар енгізсін;
3) инженерлік желілерде, білім беру нысандарында және тұрғыг үйлерде жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтасын, қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін.
5. «Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (В. Чмутов), «Целиноград жылу тарату компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (А. Нұғманов):
1) әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылуға уақытылы қосылсын;
2) жаңа нысандарды жылытуға қосылу көздері анықталсын, қуаты тексерілсін;
3) жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кестесін қатаң сақтауға, сондай-ақ уақытында қалыптастырылуы тиіс отынның нормативтік қорын жасауға ерекше назар аударсын;
4) ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін қатты отын беруді жүзеге асыратын жұмысшылар штатын ұлғайту, олардың жалақысын ұлғайту жөніндегі мәселені шешсін;
5) көмір сапасын арттырсын, жеткізу кестесінен ауытқу болмауын қадағаласын;
6) қазандықта жұмыс істейтін және мекемені жылытатын от жағушыларды қорғау құралдарымен қамтамасыз етсін;
7) жылу желілеріндегі сынақтар мен тазалау бойынша жұмыстарды аяқтасын.
6. Ауылдар және ауылдық округ әкімдері:
ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін мәдениет, білім беру нысандары бойынша ұсынылатын жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасы туралы ақпарат ұсынсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауын Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (И. Сәденова).
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихаты тұрақты
комиссиясының төрайымы И. Сәденова