Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 71/14-7 2021 жылғы 27 қыркүйек
Жетінші шақырылған Целиноград
аудандық мәслихатының кезектен тыс
он төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 466/70-6 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әдылбекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
2. «Сот шешімімен Целиноград ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 176/24-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат беруші: Саматов Мақсатжан Мұханбетжанұлы, «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 433/65-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі бөлімнің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Конарбаева