XIII сессияның күн тәртібі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақмол ауылы       №  63/13-7   2021 жылғы 17 қыркүйек

 

Жетінші шақырылған Целиноград

аудандық мәслихатының кезектен

тыс он үшінші сессиясының күн

тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 272/39-6 «Целиноград ауданының Жалғызқұдық, Жарлыкөл, Жаңаесіл, Оразақ, Отаутүскен, Приречное, Родина, Қарамеңді батыр, Тасты ауылдарын салудың Бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Көлбаев Рысбек Жамбылғазыұлы, «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

2. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызыл суат ауылдық округінің Аққайын ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Көлбаев Рысбек Жамбылғазыұлы, «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

3. Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округінің, Қабанбай батыр ауылдық округінің, Қараөткел ауылдық округінің, Қоянды ауылының, Жарлыкөл ауылдық округінің, Тасты ауылдық округінің, Арайлы ауылдық округінің, Жаңаесіл ауылдық округінің, Оразақ ауылдық округінің, Родина ауылдық округінің, Приречное ауылдық округінің, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің, Софиевка ауылдық округінің, Талапкер ауылдық округінің, Шалқар ауылдық округінің жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Дулатов Нұрлан Серікқазыұлы, «Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 476/71-6 «2021-2023 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Куликенов Бауыржан Әлибекұлы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 72/8-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Сүлейменов Сәкен Бейсембайұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

6. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 341/48-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Аманжолов Нұрболат Елеусізұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маман.

7. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 274/40-6 «Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Конарбаева

 

17.09.2021 ж. № 63/13-7 шешім
Дата публикации
17 сентября 2021