Отклик депутата районного маслихата А. Канапиянова на Послание Президента

2021 жылдың 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялады. Жолдауда мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау ел назарын аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған келесі бастамаларды атап өтті:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру;
  • Бинесті қолдауға арналған шараларды әзірлеу;
  • Азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру;
  • Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жариялады. Бұл жөнінде «Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Халықтың әл-ауқатын көтерудегі бүгінгі Жолдауда маңызды бағыттар айтылды. Соның бірі Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.

Микро және шағын кәсіпкерлік саласында жиынтық салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу ұсынылды.

Бұл шара бизнесті мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға ынталандырып, зейнетақы жүйесінің, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толық қатысушысы болуына ықпал жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы жинақтың мерзімінен бұрын пайдалануға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Мұндай қадам халықтың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Денсаулық жүйесі бойынша «Дені сау ұлт» жобасы аясында кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажеттілігін атап өтті. Соның арқасында зертханалар 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейді.

Сонымен қатар, облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге, халықтың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалу қажеттігі айтылды.

Білім саласы бойынша айтарлықтай жаңалықтар күтуде. Жолдауда алдағы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіндігін жеткізді. Орта білім беру жүйесіндегі мектептердегі орын тапшылығы туралы да айтылды. Бұл бағытта мемлекет басшысы 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы тапсырма берілетіндігін айтты. Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және соны жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының депутаты                         А. Қанапиянов

Отклик депутата районного маслихата А. Канапиянова на Послание Президента
Дата публикации
03 сентября 2021