Жолдау халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек «Білім күні» халыққа кезекті Жолдауы жариялады. Жолдауға халық қолдау көрсетіп жатыр. Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр.
Ең алдымен мемлекет басшысы еліміздің экономикасының дамуы бойынша алдағы атқарылар міндеттерге тоқталып өтті. «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылданғанын жеткізе келе бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болатындығын айтты. Жолдау – халқымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға бағытталған. Мемлекет басшысының әр Жолдауынан еліміздің өсуінің белгілі бір кезеңін байқаймыз. Бүгінгі Жолдауда сонымен бірге цифрландыру бойынша да басым бағыттар айтылды. Яғни, ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды екендігін жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Президенттің халыққа жолдауы қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыды. Дәстүрлі жолдаудың қазіргідей күрделі кезеңде жасалуының да маңызы айрықша деп білемін.
Целиноград аудандық
мәслихатының депутаты Ж. Хасенова