Отклик секретаря районного маслихата Л. Конарбаевой на Послание Президента от 1 сентября 2021 года

Жолдау бастамаларға жетелейді

Бүгін 1 қыркүйек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялады. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Өз Жолдауында мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді.

Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл жөнінде «Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл дегеніңіз  еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жанама түрде әсер етеді. Жолдаудың тағы бір бағытында айтылғаны ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру. Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Халықтың әл-ауқатын көтерудегі бүгінгі Жолдауда маңызды бағыттар айтылды. Соның бірі Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды. Жұмысшыларының жалақыларын өсірген жұмыс берушілерге сатып алуларда жеңілдік қарастырылып, мемлекеттік қолдауда басымдық берілетіндігін жеткізді. Мемлекет басшысы сондай-ақ микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Бұл бизнестің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толық қатысушысы болуына ықпал етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Оның айтуынша, бұл қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына үйретеді. Жолдауда  сонымен қатар, Парламент депутаттарына әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керектігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті. Мәселен, мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керектігін тілге тиек етті.

Денсаулық жүйесі бойынша. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіріп жатқандығын жеткізе келе вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар екендігін ерекше атап өтті. «Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау керектігін де ескеріп өтті. Білім саласы бойынша айтарлықтай жаңалықтар күтуде. Жолдауда алдағы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіндігін жеткізді. Орта білім беру жүйесіндегі мектептердегі орын тапшылығы туралы да айтылды. Бұл бағытта мемлекет басшысы 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берілетіндігін айтты. Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және соны жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                          Л. Қонарбаева

Отклик на Послание Президента от 1 сентября 2021 года
Дата публикации
02 сентября 2021