Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 59/12-7 2021 жылғы 19 тамыз
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының
кезекті он екінші
сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Целиноград аудандық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген міндеттері мен құзыретін орындау туралы есебі.
Баяндаушы: Бахидбек Амантайұлы Оспанбеков, Целиноград ауданының әкімі.
2. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясында қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 275/40-6 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Қонарбаева