Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Целиноград ауданының әкімдігі
Ақмол ауылы
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ А-3/243 қаулы
Целиноград аудандық мәслихаты
Ақмол ауылы
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 49/10-7 шешім
Целиноград ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысын өзгерту туралы
ұсыныс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы келесі ұсыныс енгізілсін:
Тайтөбе ауылы Қосшы қаласының құрамдас бөлігіне қосылсын.
2. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Ибраев