Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 50/11-7 2021 жылғы 4 тамыз
Жетінші шақырылған Целиноград
аудандық мәслихатының кезектен тыс
он бірінші сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.
2. Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
3. «Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын және оның төрағасын сайлау туралы».
4. «Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын және оның төрағасын сайлау туралы».
5. Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 15/2-7 «Целиноград аудандық мәслихатының жанындағы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 466/70-6 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ыбраева Әлмира Бақытқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
7. Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 72/8-6 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Хусаинов Дархан Ғалымұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.
8. Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 6 қарашадағы № 18/4-4 «Целиноград ауданының Ақмол, Қараөткел, Софиевка, Қаражар, Қажымұқан, Қызылжар елді мекендерінің аумақтарын салудың бас жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Әбілов Жанат Ермұратұлы, «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Қонарбаева