Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 42/9-7 2021 жылғы 22 шілде
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен тыс
тоғызыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 мамырдағы № 36/7-7 «Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» шешімінің күшін жою туралы.
Ақпарат беруші: Тоқабаев Нұрғали Жоламанұлы, Целиноград аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Жұмабай Бахтияр, Целиноград аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы Н. Тоқабаев