Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 38/8-7 2021 жылғы 29 маусым
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық мәслихатының
кезектен тыс сегізінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 476/71-6 «2021-2023 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ыбыраева Әлмира Бақытқызы, «Целиноград ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 «Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ирешова Салтанат Сансызбайқызы, «Целиноград ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман.
3. Целиноград ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
Ақпарат беруші: Хусаинов Дархан Ғалымұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі басшысы.
4. Ақмола облысы Целиноград ауданының басқару сызбасын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Хусаинов Дархан Ғалымұлы, Целиноград ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі басшысы.
Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Қ. Дүйсекеев
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Ибраев