Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 37/7-7 2021 жылғы 18 мамыр
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезекті жетінші
сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетінші шақырылымдағы Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. 2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. 2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндаушылар:
Ыбраева Әлмира Бақытқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Нұрмағанбетов Дулат Мағзұмұлы, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі;
Тоқабаев Нұрғали Жоламанұлы, Целиноград аудандық мәслихатының әлеуметтік, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 275/40-6 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы;
5. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы.
Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Қ. Теміров
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Ибраев