2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы

Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Ақмол ауылы         № 02-01/9       13 мамыр 2021 жыл

 

2020 жылғы аудандық

бюджеттің орындалуы туралы

 

«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Б. Ыбыраеваның жоғарыда аталған мәселе бойынша есебін, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Целиноград ауданы бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдай және талқылай отырып, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ауданның атқарушы органдарымен 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,1 пайызға орындалып, 34 945 297,3 мың теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі үлесін жоғары тұрған ұйымдардың трансферттері құрады – 31 596 252,6 мың теңге немесе 100,0 пайыз. Салықтық төлемдер көлемі 2 720 650,5 мың теңгені (100,1 пайыз), салықтық емес төлемдер көлемі 43 795,7 мың теңгені (116,8 пайыз) құрады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 105,5 пайызға орындалып, 584 598,5 мың теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайызға орындалып (2019 жылдың ұқсас көрсеткіші – 100,0 пайыз), 39 492 846,1 мың теңгені құрады.

2020 жылға арналған бюджетті іске асыру көп жағдайда ауданда әлеуметтік-экономикалық жағдайды одан әрі тұрақтандыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға оң әсер етті, түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер де бар.

Салықтық және салықтық емес түсімдерді талдау 2019 жылмен салыстырғанда жекелеген түсімдер бойынша салықтардың мынадай түрлері бойынша теріс динамика байқалатынын куәландырады.

Төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бюджеттің атқарылуы 2019 жылы - 189 461,1 мың теңгені құрады, 2020 жылы - 164 682,4 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 24 778,7 мың теңгені немесе 13,1 пайызды құрады.

Бюджеттің атқарылуына төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтардың табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы 2019 жылы - 48 020,5 мың теңгені құрады, 2020 жылы атқарылуы - 17 269,4 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 30 751,2 мың теңгені немесе 64 пайызды құрады.

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 2019 жылы - 30 931,0 мың теңге, 2020 жылы - 28 493,1, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 2 437,9 мың теңгені немесе 7,9 пайызды құрады.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 2019 жылы – 172 350,7 мың теңге, 2020 жылы – 169 761,1 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 2 589,5 мың теңгені немесе 1,5 пайызды құрады.

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер бойынша 2019 жылы бюджеттің атқарылуы- 556 726,5 мың теңгені, 2020 жылы атқарылуы - 402 717,7 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 154 008,8 мың теңгені немесе 27,7 пайызды құрады.

Салықтық емес түсімдердің орындалуы 2020 жылы 126,8 пайызды құрады, 37 498,5 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 47 537,1 мың теңге түсті, асыра орындалғаны –10 038,6 мың теңге.

Салықтық емес түсімдер бөлігінде өз кірістерін жоспарлау мен орындауды талдау бюджет жүйесінің сабақтастығы қағидатының сақталмауын куәландырады, яғни 2020 жылғы бюджетті жоспарлау кезінде 2019 жылғы бюджетті атқару көрсеткіштері ескерілмеген, бұл өз кезегінде жекелеген бюджеттік сыныптама коды бойынша салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер болжам-жоспарын төмендету фактілерінің болуымен көрініс тапты.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық бюджетке берешек сомасы 58 590,0 мың теңгені құрады.

2020 жылы  игерілмеген қаражат сомасы 93 009,6 мың теңгені құрады, соның ішінде: 39 332,5 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері, 42 795,9 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері, 5 805,0 мың теңге - меншікті қаражат.

Ауданның құрылыс бөлімі 85 142,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының айтарлықтай игерілмеуіне жол берді.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы 2 890,6 мың теңгені құрады, кредиторлық берешектің жалпы сомасы 481 147,9 мың теңгені құрады, дебиторлық және кредиторлық берешектің жалпы сомасының 2 869,58 мың теңге және 481 120,9 мың теңге сомалары «Целиноград ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Б. Ыбыраеваның «2020 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын және Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.

2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Целиноград ауданы бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдау.

3. Қоса беріліп отырған Целиноград аудандық мәслихатының «2020 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есептері бойынша тұрақты комиссияларының қорытындысы бекітілсін және Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы И. С. Саденоваға тапсырылсын және Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясында сөз сөйлеу тапсырылсын.

4. «2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» шешімнің жобасы Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының бекітуіне енгізілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссиясының

төрағасы                                                            Н. Тоқабаев 

 

Тұрақты комиссиялардың

2021 жылғы 13 мамырдағы

№ 02-01/9

қаулысына қосымша

 

2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бойынша Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қорытындысы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2020 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарады.

         Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Целиноград ауданы бюджетінің, Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін зерделеп, тұрақты комиссиялар атқарушы органдармен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті..

Бюджеттің кіріс бөлігі өткен жылдың деңгейінде 100,1 пайызға орындалды. Салықтық және салықтық емес түсімдер тиісінше 100,1 және 116,8 пайызға орындалды (2019 жылы - 99,7 және 88,2 пайыз). Кірістердің жалпы сомасынан трансферттер түсімдері 100,0 пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда, аудандық бюджетте трансферттер түсімдерінің үлесі 20 пайызға ұлғайды. Аудандық бюджет түсімдерінің ұлғаюы негізінен республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттердің ұлғаюы есебінен жүзеге асырылатынын, аудандық бюджеттің субвенциялар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдеріне тәуелділігі сақталатынын атап өткен жөн. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 2020 жылы орындалуы 584 598,5 мың теңгені немесе 105,5 пайызды құрады, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 174 212,3 мың теңгеге төмендеді (2019 жылы түсімдер - 728 447,3 мың теңгені құрады).

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайызға орындалды. Аудандық бюджет шығындарының негізгі сомасы мына функционалдық топтарға: «Білім беру» - 17 164 805,7 мың теңге немесе 43,5 пайыз, «Көлік және коммуникациялар» - 7 290 604,5 мың теңге немесе 18,5 пайыз, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» - 6 939 877,7 мың теңге немесе 17,6 пайыз тиесілі.

2020 жылғы аудандық бюджетті жүзеге асыру ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 ақпандағы №357/52-5 шешімімен бекітілген Целиноград ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға бағытталды.

2020 жылы Қаражар (56,6 км) және Қажымұқан (46,9 км) ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңарту объектілері пайдалануға берілді, сондай-ақ ұзындығы 6 километр Жаңажол ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілері салынды. Жалпы ұзындығы 397,5 километр (7 миллиард теңге) құрайтын 6 елді мекенде: Тайтөбе, Шұбар, Ынтымақ, Төңкеріс, Талапкер, Аққайын таратушы желілерін салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Бұл, шамамен, 30 мың тұтынушыны сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елді мекендерді электрлендіру мақсатында Қосшы ауылындағы «Северная» қосалқы станциясынан «Лесная поляна» тұрғын массивіне дейін электрмен жабдықтау кабельдік желісіне күрделі жөндеу аяқталды. Қаражар, Аққайын, Қабанбай батыр, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында электрмен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Садовое ауылындағы ұзындығы 2,6 километр жолдарды қайта жаңарту аяқталды. 8 елді мекенде: Қараөткел, Талапкер, Қосшы, Қажымұқан, Жаңа Жайнақ, Раздольное, Ынтымақ, Шұбар, ұзындығы 175,4 километр, көше-жол желілеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 110 717,0 мың теңге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге - 415 814,6 мың теңге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға - 2 208 775,4 мың теңге, «Қосшы Қуат» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға - 36 800,0 мың теңге, «Целиноград Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға - 57129,1 мың теңге, «Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға - 34 425,0 мың теңге бағытталды.

Сонымен қатар, 2020 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. Салықтық және салықтық емес түсімдерді талдау 2019 жылмен салыстырғанда жекелеген түсімдер бойынша салықтардың мынадай түрлері бойынша теріс динамика байқалатынын куәландырады.

Төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бюджеттің атқарылуы 2019 жылы - 189 461,1 мың теңгені құрады, 2020 жылы - 164 682,4 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 24 778,7 мың теңгені немесе 13,1 пайызды құрады.

Бюджеттің атқарылуына төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтардың табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы 2019 жылы - 48 020,5 мың теңгені құрады, 2020 жылы атқарылуы - 17 269,4 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 30 751,2 мың теңгені немесе 64 пайызды құрады.

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 2019 жылы - 30 931,0 мың теңге, 2020 жылы - 28 493,1, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 2 437,9 мың теңгені немесе 7,9 пайызды құрады.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 2019 жылы – 172 350,7 мың теңге, 2020 жылы – 169 761,1 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 2 589,5 мың теңгені немесе 1,5 пайызды құрады.

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер бойынша 2019 жылы бюджеттің атқарылуы- 556 726,5 мың теңгені, 2020 жылы атқарылуы - 402 717,7 мың теңгені құрады, бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі - 154 008,8 мың теңгені немесе 27,7 пайызды құрады.

Салықтық емес түсімдердің орындалуы 2020 жылы 126,8 пайызды құрады, жоспар бойынша 37 498,5 мың теңге бюджет кірісіне 47 537,1 мың теңге түсті, орындалуы 10 038,6 мың теңгені құрады.

Салықтық емес түсімдер бөлігінде өз кірістерін жоспарлау мен орындауды талдау бюджет жүйесінің сабақтастығы қағидатының сақталмауын куәландырады, яғни 2020 жылғы бюджетті жоспарлау кезінде 2019 жылғы бюджетті атқару көрсеткіштері ескерілмеді, бұл өз кезегінде жекелеген бюджеттік сыныптама коды бойынша салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер болжамының-жоспарын төмендету фактілерінің болуымен көрініс тапты.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық бюджетке берешек сомасы 58 590,0 мың теңгені құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4 724,3 мың теңгеге азайды (2019 жылы - 63 314,3 мың теңге).

Игерілмеген қаражат сомасы 2019 жылмен салыстырғанда 85 549,9 мың теңгеге ұлғайды. Игерілмеген қаражат сомасы 2019 жылы 7 459,7 мың теңгені, 2020 жылы  93 009,6 мың теңгені құрады, соның ішінде: 39 332,5 мың теңге – республикалық бюджет трансферттері (2019 жылы – 4 281,4 мың теңге), 42 795,9 мың теңге – облыстық бюджет трансферттері (2019 жылы – 1 115,6 мың теңге), 5 805,0 мың теңге - меншікті қаражат (2019 жылы – 2 062,2 мың теңге).

Ауданның құрылыс бөлімі 85 142,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының айтарлықтай игерілмеуіне жол берді.

Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді және даму трансферттерін игеру бойынша шығындардың орындалуын талдау барысында 2020 жылы қаржыландыру жоспары бойынша көзделмеген объектілер бойынша төлемдер жүргізу, сондай-ақ, жалпы сомасы 989 169,1 мың теңгеге басқа объектілер бойынша игерілмеген қаражат есебінен бір объектілер бойынша жоспардан тыс төлемдер жүргізу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға бұрын бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу мониторингін зерделеу барысында 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша түпкілікті қарыз алушының берешегі 16 131,4 мың теңгені, оның ішінде өсімпұл 1 834,2 мың теңгені құрағаны анықталды.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы 2 890,6 мың теңгені құрады, 2019 жылы - 46 273,3 мың теңге, 43 382,7 мың теңгеге азайды, кредиторлық берешектің жалпы сомасы 481 147,9 мың теңгені құрады, 2019 жылы - 369 080,1 мың теңге, 148 893,8 мың теңгеге ұлғайды, дебиторлық және кредиторлық берешектің жалпы сомасының «Целиноград ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі  - 2 869,58 мың теңге және 481 120,9 мың теңге.

Кәсіпорындардың бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуына қарамастан, Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы «Целиноград коммуналдық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы «Қосшы-Қуат» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын екі кәсіпорнының қызметі шығынды болып табылады. Кәсіпорындар өндіріске жұмсалған шығындарды толық өтеуді, сондай-ақ өз кірістері есебінен қызметтің залалсыздығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамайды. Жіберілген бюджет қаражаты қаржылық нәтижені жақсартуға мүмкіндік бермеді.

Жоғарыда көрсетілген және кейбір басқа да фактілер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 8-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бұзу болып табылады.

Жүргізілген талдау ауданның жергілікті атқарушы органдары – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 2020 жылғы аудандық бюджетті тиімді орындау бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін көрсетті, бұл ретте олардың жекелегенеулерінің бюджет процесі, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берілгені қызметкерлердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігін, тиісті бақылаудың және бюджеттік мониторингтің болмауын куәландырады. Сондай-ақ, бұзушылықтар мен кемшіліктердің себебі әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары мен бюджеттің орындалуына жауапты уәкілетті орган тарапынан мекемелердің қызметін үйлестірудің болмауы болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне:

бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша жұмыс істеу, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, алдыңғы қаржы жылының бюджетін атқару көрсеткіштеріне негізделген сабақтастық қағидаттарын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды неғұрлым негізді жүргізу қажет деп санаймыз.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жіберілген кемшіліктерді жоюды ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынады.

2021 жылғы 13 мамырдағы № 02-01/9 қаулы
Дата публикации
13 мая 2021