Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Ақмол ауылы № 02-01/10 13 мамыр 2021 жыл
2020 жылғы Целиноград
ауданының ауылдар және
ауылдық округтер
бюджеттерінің орындалуы туралы
«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә. Б. Ыбыраеваның жоғарыда аталған мәселе бойынша есебін, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін тыңдап және талқылай отырып, Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен 2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы бойынша нақты жұмыстар жүргізілгенін атап өтеді.
Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 110,0 пайызға орындалып, 945 229,8 мың теңгені құрады. Аудандық бюджеттен түсетін трансферттер, оның ішінде субвенциялар 645 453,5 мың теңгені құрайды.
Ауылдар және ауылдық округтер бойынша салық түсімдерінің орындалуы 138,7 пайызды құрады, жоспар бойынша 213 497,3 мың теңге, бюджет кірісіне 296 034,9 мың теңге түсті, асыра орындау 82 537,6 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 3 741,7 мың теңгені құрады.
Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалып, 929 779,3 мың теңгені құрады. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін жүзеге асыру ауданның ауылдық аймақтарының дамуына оң әсер етті.
Сонымен қатар, ауылдық округтердің бюджетін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. «Ақмол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің салықтық түсімдер бойынша жоспарлары асыра орындалды: орындалуы 158,6 пайызды құрады (49 986,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 74 543,2 мың теңге түсті, асыра орындау - 27 557,2 мың теңгені құрады), «Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 151 пайызға орындалды, (22 456,7 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 33 909,4 мың теңге түсті, асыра орындау – 11 452,7 мың теңгені құрады). «Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер атқарылуы 148,0 пайызды құрады (41 388,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 61 360,7 мың теңге түсті, асыра орынждау – 19 972,7 мың теңгені құрады). «Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 177,5 пайызға орындалды (4160,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 7 384,2 мың теңге түсті, асыра орындау – 3 224,2 мың теңгені құрады). «Талапкер ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 160,4 пайызға орындалды (11350,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 18202,3 мың теңге түсті, асыра орындау – 6 852,3 мың теңгені құрады). «Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 172,3 пайызға орындалды (1 658,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 2 857,5 мың теңге түсті, асыра орындау – 1 199,5 мың теңгені құрады). Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылғанын айғақтайды.
2020 жылы игерілмеген қаражат сомасы 656,6 мың теңгені құрады. «Арайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» (537,6 мың теңге), «Қызылсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» (32 мың теңге), «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» (15,6 мың теңге) мемлекеттік мекемелері бюджеттік қаражаттың айтарлықтай игерілмеуіне жол берді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә. Б. Ыбыраеваның «2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы» есебі назарға алынып, Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының қарауына енгізілсін.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есебі тыңдалсын.
3. Қоса беріліп отырған «2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы» есептері бойынша Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қорытындысы бекітілсін және Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы И. С. Саденоваға Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясында сөз сөйлеу тапсырылсын.
4. «2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдар және ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» шешімнің жобасы Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының бекітуіне енгізілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихаты тұрақты
комиссиясының төрағасы Н. Тоқабаев
Тұрақты комиссиялардың
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 02-01/10 қаулысына
қосымша
2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есебі бойынша Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытындысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2020 жылғы орындалуы туралы есептерін қарады.
Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы Целиноград ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есептерін зерделеп, тұрақты комиссиялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
Ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 110,0 пайызға орындалып, 945 229,8 мың теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда түсімдер 327 368,3 мың теңгеге артты. Бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына жүргізілген талдауда жоғары тұрған органдардан түсетін трансферттердің негізгі үлесі - 645 453,5 мың теңге екені анықталды. Ауылдық округтер бойынша меншікті кірістер бөлігінде салық түсімдерінің орындалуы 138,7 пайызды құрады, жоспар бойынша 213 497,3 мың теңге, бюджет кірісіне 296 034,9 мың теңге түсті, асыра орындау - 82 537,6 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 3 741,7 мың теңгені құрады.
Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалып, 929 779,3 мың теңгені құрады. 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін жүзеге асыру ауданның ауылдық аймақтарының дамуына оң әсер етті.
Сонымен қатар, ауылдық округтердің бюджетін атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар. «Ақмол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің салықтық түсімдер бойынша жоспарлары асыра орындалды: орындалуы 158,6 пайызды құрады (49 986,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 74 543,2 мың теңге түсті, асыра орындау - 27 557,2 мың теңгені құрады), «Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 151 пайызға орындалды, (22 456,7 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 33 909,4 мың теңге түсті, асыра орындау – 11 452,7 мың теңгені құрады). «Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер атқарылуы 148,0 пайызды құрады (41 388,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 61 360,7 мың теңге түсті, асыра орынждау – 19 972,7 мың теңгені құрады). «Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 177,5 пайызға орындалды (4160,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 7 384,2 мың теңге түсті, асыра орындау – 3 224,2 мың теңгені құрады). «Талапкер ауылдық округі әкімінің аппараты»: салықтық түсімдер 160,4 пайызға орындалды (11350,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 18202,3 мың теңге түсті, асыра орындау – 6 852,3 мың теңгені құрады). «Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты»: (1 658,0 мың теңге жоспары бойынша бюджет кірісіне 2 857,5 мың теңге түсті, асыра орындау – 1 199,5 мың теңгені құрады). Бұл фактілер салық түсімдерін жоспарлау және орындау кезінде бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылғанын айғақтайды.
2020 жылы игерілмеген қаражат сомасы 656,6 мың теңгені құрады. «Арайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» (537,6 мың теңге), «Қызылсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» (32 мың теңге), «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» (15,6 мың теңге) мемлекеттік мекемелері бюджеттік қаражаттың айтарлықтай игерілуіне жол берді.
Жоғарыда көрсетілген және кейбір басқа да фактілер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 8-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бұзу болып табылады.
Жүргізілген талдау ауданның жергілікті атқарушы органдары – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аудандық бюджетті және 2020 жылғы ауылдық округтер бюджеттерін тиімді орындау бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін көрсетті, бұл ретте олардың кейбіреулерінің бюджет процесі, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берілгені қызметкерлердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігін, тиісті бақылаудың және бюджеттік мониторингтің болмауын куәландырады. Сондай-ақ бұзушылықтар мен кемшіліктердің себебі әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары мен бюджеттің орындалуына жауапты уәкілетті орган тарапынан мекемелердің қызметін үйлестірудің болмауы болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне:
бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша жұмыс істеу, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, алдыңғы қаржы жылының бюджетін атқару көрсеткіштеріне негізделген сабақтастық қағидаттарын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды неғұрлым негізді жүргізу қажет деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жіберілген кемшіліктерді жоюды ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2020 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынады.