«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылғы 19 мамырдан бастап 1 маусым аралығында шығып қалғандардың орнына Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат бойынша ұсыныстар, өтініштер қабылданатынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, сонымен қатар өз-өзін ұсыну арқылы ұсына алады. Қоғамдық кеңестің уәкілеттілік мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске тек бір өкіл сайлануы мүмкін.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Құжаттар (ЖҮКТЕУ) Целиноград аудандық мәслихатының аппаратына жазбаша түрде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан сенбі, жексенбі және мерекеден басқа күндері күн сайын сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін. Мекенжайы: Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, 401-кабинет, сондай-ақ электрондық мекен-жайы бойынша: сеlin_maslihat@mail.ru. Байланыс телефондары: 30-165.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.