Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихаты депутаттары дайындаған депутаттық сауалдардың тізбесі
|
№ р/т |
Шығыс № |
Депутаттың Т.А.Ә. |
Депутаттық сауал кімге жіберілді |
Депутаттық сауалдың мазмұны |
Депутаттық сауалға берілген жауап |
|
|
1. |
№ 1 |
Төребаев А.Б. |
Целиноград ауданының әкімі Б.А. Оспанбековқа 28.01.2021
Жауабы 25.02.2021 № 01-25/33-И Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы С. Оспанов
|
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған Қосшы ауылдық округінің тұрғындарына «Алтын Дала» тұрғын кешенінен 45 пәтерлі тұрғын үйді жалға беру туралы |
45 пәтерлі тұрғын үй «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында салынды. Осы бағдарламаның талаптарына сәйкес сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен азаматтардың тек екі санаты: аз қамтылған көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектер, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) қамтамасыз етіледі. Үй қоныстануға дайын. Кілттерді табыстау ағымдағы жылдың 26 ақпанына Қосшы ауылында, «Алтын дала» шағын ауданында жоспарланған.
|
|
|
2. |
№ 2 |
Дүйсекеев Қ.Т. |
Орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Х. Ж. Темірхановқа 01.02.2021
Жауабы 09.02.2021
№ 46-1-05/1081 Орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Х. Ж. Темірханов |
Интернет сапасын жақсарту үшін Шалқар ауылының абоненттерін оптикалық-талшықты байланыс желісіне қосу мәселесі бойынша |
Шалқар ауылында Интернетке қосылу қызметі радои желілері арқылы ұсынылады. Қаржылық инвестициялар мен шектеулі бюджеттің қажеттілігін ескере отырып, «Қазақтелеком» АҚ 2021 жылға арналған жобалық қызметімен талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу қарастырылмаған. |
|
|
3. |
№ 3 |
Дүйсекеев Қ.Т. |
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға
01.02.2021 Жауабы 15.02.2021
№ 01-25/296-И Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужинова
|
Оразақ ауылында мәдениет үйін ашу, кешкі уақытта ауыл жастарының демалыс орындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша |
Алдағы уақытта Оразақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы жоспарға енгізілмеген. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жалға беру негізінде мәдениет үйінің ашылуы жүзеге асырылатын болады. |
|
|
4. |
№ 4 |
Дүйсекеев Қ.Т. |
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына
01.02.2021
Жауабы: 01.03.2021
№ 01-25/399-И Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы С. Оспанов
|
Облыстық бюджеттен Оразақ, Шалқар, Жаңажол ауылдарының ішкі жолдарын жөндеуге қаражат бөлуге қатысты
|
Оразақ, Шалқар ауылдарының көше-жол желісін орташа жөндеу жобасын іске асыру үшін 2020 жылы бюджеттік өтінім берілді, алайда облыстан ақшалай қаражат бөлінбеген. Ағымдағы жылдың наурыз айында ақшалай қаражат бөлу үшін қайтадан өтінім берілетін болады. «Жаңажол ауылының көше-жол желілері мен кіреберіс жолдарына күрделі жөндеу» жобсын іске асыру үшінреспубликалық бюджеттік комиссиясына өтінім берілді. |
|
|
5. |
№ 5 |
Тоқабаев Н.Ж. |
«АРЭК-Энергосбыт» ЖШС директоры Б.Т. Айсеновқа 05.02.2021
Жауабы 17.02.2021
№ ПС-41-06/530 «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС директоры Б.Т. Айсенов |
«Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ электр энергиясына ұсынылған шоттар бойынша тексеру жүргізу қажеттілігі туралы |
«Қараөткел ауылдық округі аппараты» ММ тұтынылған электр энергиясы үшін ай сайын есеп айырысу «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС-мен шарт жасасқан абоненттердің электр энергиясын тұтыну көлемін шегере отырып, «АЭҮК» АҚ Целиноград АЭЖ энергия беруші ұйымы ұсынған есептеу аспаптарының көрсеткіштері негізінде электрмен жабдықтау шартына сәйкес жүргізіледі. Осылайша, «Ильинка» қосалқы станциясының ұяшықтарында орнатылған есептеу құралдары бойынша жалпы шығыннан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың субабоненттерін тұтыну алынады. Қалған көлемі «Қараөткел ауылдық округінің аппараты» ММ төлеуге ұсынылады.
|
|
|
6. |
№ 6 |
Тоқабаев Н.Ж., Қанапиянов А.Ж., Хасенова Ж.Н. |
Ақмола облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы И.И. Юрченкоға
09.02.2021
Жауабы 26.02.2021
№ 06-07/442 Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Т. Хамзин |
Целиноград ауданының электр желілерін теңгерімге немесе «АЭҮК» АҚ сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін уәкілетті органдарға жіберуді ұйымдастыруға көмек көрсету туралы
|
Біз бұл мәселені электр энергетикасы саласындағы кеңестерде, отырыстарда бірнеше рет көтердік, тиісті хаттар жібердік. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түзетулер енгізу туралы заң жобасы әзірленді, алайда қазіргі уақытқа дейін өзгерістер енгізілген жоқ. Бүгінгі таңда заңнамаға енгізілген түзетулер Парламент Мәжілісінде қаралуда. Заңнама қабылданғаннан кейін электр желілерін энергия беруші ұйымға қызмет көрсетуге беру жөнінде шаралар қабылданатын болады. |
|
|
7. |
№ 7 |
Әбілқасымов И.Қ. |
«Казахтелеком» АҚ, «Kcell» АҚ, «Транстелеком» АҚ
19.02.2021
Жауабы 01.03.2021
№ ТТС/835/АСТ Басқарма төрағасының бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Д. Сабазов
|
Целиноград ауданының Сарыкөл, Қызылсуат ауылдарында интернет желісін қосу мәселесі бойынша |
Бүгінгі күні осы ауылдың тұрғындарын «Транстелеком» АҚ қызметтеріне қосуға техникалық мүмкіндік жоқ. Осы елді мекендерді АЕК 250+ жобасының екінші кезеңіне енгізу мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып, нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
|
|
|
8. |
№ 8 |
Қонарбаева Л.А. |
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С. Матайбаеваға
01.03.2021
Жауабы 26.03.2021
Ақмола облыстық мәслихатының аппараты Д. Жұрымбаев
|
Үш ауыл (Нұресіл, Жаңа Жайнақ, Раздольное) бойынша сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу туралы |
Нұресіл, Жаңа Жайнақ және Раздольное ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында осы елді мекендерде су құбыры желілерін қайта жаңартуға және салуға 3 жоба әзірленді. Осы жобалар бойынша бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2021 жылғы республикалық бюджетті кезекті нақтылауға жолданды. |
|
|
9. |
№ 9 |
Төребаев А.Б. |
Целиноград ауданының әкім Б. Оспанбековқа
02.03.2021
Жауабы: 01.04.2021 № 01-25/58-И
Аудан әкімінің орынбасары А.К. Айткужинова
|
Қосшы кітапханасының қорын нысаналы толықтыру үшін қаражат іздестіру туралы |
01.01.2021 жылға Қосшы ауылдық кітапханасының қоры 4565 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 1486 дана (жалпы қордың 40 %), балалар әдебиеті қоры 802 дана (жалпы қордың 20 %), оның ішінде мемлекеттік тілде 172 дана (жалпы қордың 21 %). Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қосшы ауылының кітапханасына 2019-2020 жылдары – 603 кітап, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша 2453 дана кітап келіп түсті. М. Жұмабаев халық пен кітапхана қажеттіліктерін ескере отырып бөлінеді.
|
|
|
10. |
№ 10 |
Ибраев Б.М. |
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы Р. Әубәкіровке
09.03.2021
Жауабы: 18.03.2021
№ 01-08/966 Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р. Әубәкіров
|
Келісілген учаскеде «СТМКZ» ЖШС-мен 2021 жылғы 26 қаңтарда жасалған № 344 шарттың заңдылығы мен орындылығы туралы мәселені қарастыру туралы |
2020 жылғы 12 желтоқсанда басқарма Ақмола облысының балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс жариялады. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Басқарманың интернет ресурсында және 2020 жылғы 12 желтоқсандағы № 135 «Арқа ажары» облыстық қоғамдық-саяси газетінде орналастырылды. Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша Целиноград ауданының Қарасу Старица «СТМ KZ» ЖШС бекітіліп, басқармамен 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 344 балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалды. Конкурс ережелерді сақтай отырып өткізілді, осыған байланысты Шарттың күшін жою мүмкін емес деп санаймыз, өйткені бұл іс-әрекеттер ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келеді.
|
|
|
11 |
№ 11 |
Хасенова Ж.Н. |
Целиноград ауданының әкімі Б.А. Оспанбековқа
25.03.2021
Жауабы: 02.04.2021
№ 01-25/61-И Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К. Айткужинова |
Әкімшілік полиция қызметкерлерінің штатын ұлғайта отырып, полиция бөлімшесін енгізу және Талапкер ауылында жаңа мектеп салу туралы мәселені қарау туралы
|
Талапкер ауылындағы толық жинақталған орта мектепте орыс тілінде оқытатын сыныптар ашу мәселесін қарау ата-аналардан және оқушылардың қажетті контингентінен өтініштер болған жағдайда мүмкін болады. Талапкер ауылына кенттік полиция бөлімшесін енгізу және полиция қызметкерлерінің штатын ұлғайту мәселесімен Ақмола облысы полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы айналысады. Учаскелік полиция пункті Целиноград ауданы Талапкер ауылы әкімдігінің жалға берілетін ғимаратында орналасқан.
|
|
|
12 |
№ 12 |
Хасенова Ж.Н. |
«Целиноград ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі» РММ бастығы А.С. Нұркеновқа
25.03.2021
Жауабы: 08.04.2021
№ 21-07/37-87-И
«Целиноград ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі» РММ бастығы А.С. Нұркенов
|
Талапкер ауылында өрт сөндіру бекетін салу туралы |
Су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру мәселесі бойынша Су тасқынына қарсы іс-шараларға Талапкер ауылдық округінде су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының 43 адам, 13 бірлік инженерлік техника, 17 су сорғыш техника және 3 мотопомпа жұмылдырылатын болады. Өрт станциясын салу мәселесі бойынша Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасы шеңберінде, сондай-ақ елді мекендер санының қарқынды ұлғаюын және азаматтық мақсаттағы нысандар құрылысын ескере отырып, 2021-2022 жылдары республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен Талапкер ауылында 2 автомобильге арналған өрт депосының үлгілік жобасын жергілікті жерге байланыстыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланды.
|
|
|
13 |
№ 13 |
Хасенова Ж.Н. |
Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ә.Б. Ыбраеваға
25.03.2021
Жауабы: 16.04.2021
№ 01-15/150 Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ә.Б. Ыбраева
|
Талапкер ауылдық округінің кентішілік жолдарын жөндеу туралы |
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Талапкер ауылының көше-жол желісінің құрылысы» жобасы іске асырылуда, мердігер «Қаршыға 97» ЖШС, шарт сомасы 4 253,2 млн.теңге, жалпы ұзындығы – 14,4 км. 2017 жылы – 301,0 млн. теңге, 2018 жылы – 1 691,1 млн. теңге, 2019 жылы – 1 112,0 млн. теңге бөлінді. 2020 жылға 1 066,6 млн.теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 1 059,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 7,5 млн. теңге). |
|
|
14 |
№ 14 |
Қойлыбаев Ғ.Ж. |
Целиноград ауданының әкімі Б.А. Оспанбековқа 01.04.2021
Жауабы: 09.04.2021
№ 01-25/686-И Аудан әкімінің орынбасары А.С. Жантеміров |
Жарлыкөл ауылында мал жайылымы мәселесі бойынша
|
Целиноград ауданы жерлерінің 2020 жылдың есебі бойынша жер балансына сәйкес Жарлыкөл ауылдық округінің ауылшаруашылық мақсатындағы жерлері 35 276 га, соның ішінде егістік - 29 690 га, шабындық - 492 га, жайылым - 5044 га, тыңайма - 50 га. Сонымен қатар, елді мекен жерлерінің жайылым алқаптары - 3440 га және босалқы жайылымдық жерлер - 1769 га аумақты құрайды. Ауылдық округтің бос жайылымдық жерлері, елді мекен жерлерінің жайылымдық алқаптары мен босалқы жайылымдық жерлерді қосқанда 5200 аумақты құрайды.
|
|
|
15 |
№ 15 |
Қонарбаева Л.А. |
Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұловқа 19.04.2021
Жауабы: 23.04.2021
№ 169 Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұлов
|
«Қажымұқан ауылының 8,2 шақырымдық кентішілік жолдарын күрделі жөндеу» жобасын әзірлеуді аяқтау мәселесі бойынша. |
Ұзындығы 8,2 км «Целиноград ауданы Қажымұқан ауылындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеу» жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылғы тамызда ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда, содан кейін жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.
|
|
|
16 |
№ 16 |
Тоқабаев Н.Ж. |
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А. Мұратұлына 29.04.2021
Жауабы: 17.05.2021 № 03-2/08-1/1456-И «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А. Жүсіпов |
Мердігерлік ұйымның күшімен Қараөткел ауылындағы көше учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізу мәселесін қарау туралы |
2019 жылы аталған бағыт (учаске) бойынша бас мердігер, Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма автомобиль жолын салу үшін ауыр техникамен уақытша қозғалуды жүзеге асырғанын хабарлайды. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін көрсетілген ауданда бас мердігердің ақпараты бойынша айналма құрылысқа қатысы жоқ жақын карьерлерден құм тасымалдайтын жүк машиналарының қарқынды қозғалысы байқалған. |
|
|
17 |
№ 17 |
Ибряев С.А. |
«КазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры С. Керімқұловқа 04.05.2021
Жауабы: 28.05.2021
17-1/17-2 № 527-И
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АК» Ақмола облыстық филиалы директорының м.а. Д. Қалабиев
|
«Зебра» жол таңбасын және «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісін орнатуға қатысты |
Депутаттық сауал орындау үшін Ақмола облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды шарттық негізде орындайтын «Қазақавтожол» ЖШС Ақмола облыстық филиалына жіберілді. |
|
|
18 |
№ 18 |
Сәденова И.С. |
Ақмола облысы облысы құрылыс басқармасының басшысы М.С. Әубәкіровқа
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Е. Сыздықовқа 14.05.2021 Жауабы: 17.05.2021 № 5-10/832 Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Оспанов |
Софиевка ауылында 50 орындық дәрігерлік амбулатория салуға және пайдалануға беруге қатысты |
2018 жылғы 10 сәуірдегі № 2018-33 шартқа сәйкес «Тапсырыс беруш» тұлғасында «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ және бас мердігер ұйым тұлғасында «Өмірзақ» ЖШС арасында, 19.02.2019 жылғы хабарламамен жобаны іске асыруға кірісті. Пайдалануға беру актісіне 30.12.2020 жылы қол қойылды. Нысанды пайдаланушы ұйымға беру кезінде қойылған медициналық мақсаттағы жиһаздың кейбір позицияларының жобасымен сәйкессіздік анықталды. Бүгінгі күні нысан бойынша медициналық жабдықтардың бекітілген тізбесі құрылыс басқармасына берілмеген, бұл пайдаланушы ұйымның бас тарту себептерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта бас мердігер ұйымның барлық ескертулері жойылды. |
|
|
19 |
№ 19 |
Қонарбаева Л.А. |
18.05.2021 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С. Матайбаеваға |
Раздольное ауылында 80 орындық мектеп салуға қосымша қаражат бөлу бойынша жәрдем көрсету туралы. |
|
|
|
20 |
№ 20 |
Хасенова Ж.Н. |
24.05.2021 Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Қ.А. Битаковқа
Жауабы: 28.05.2021
№ 3-44/3160-И Целиноград ауданы полиция бөлімінің бастығы Қ. Битаков |
Талапкер ауылының электр желілерінің КТП ұрлықтары бойынша ақпарат беру туралы |
«АЭҮК» АҚ иелігіндегі электр қосалқы станцияларын вакуумдық ажыратқыштар мен электр қалқандарын ұрлауға жол бермеу мақсатында Целиноград ауданы аумағында қосалқы станция орналасқан жерлерде сигналдық бекеттер қойылды. |
|
|
21 |
№ 21 |
Қонарбаева Л.А. |
25.05.2021 Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұловқа
Жауабы: 26.05.2021 № 02-13/240 Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұлов
|
«Целиноград ауданы Раздольное ауылының кірме жолымен кентішілік жолдарды күрделі жөндеу» объектісіне қатысты |
Аталған жобаны іске асыру 2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша басталды, 2020 жылы жобаларды аяқтауға толық сома бөлінді. Мемлекеттік сатып алу шарттары көзделген негіздер бойынша бұзылды: жұмыстарды жүргізу кестесінен бірнеше рет артта қалу, сондай-ақ жол активтері сапасының ұлттық орталығы берген ескертулерді жоймау. Жыл басында жұмыстарды аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарланған болатын, бірақ мердігер ұйым шартты заңсыз бұзу туралы сотқа талап арызбен жүгінді. Бірінші сатыдағы сот бұзу заңдылығын мойындады, мердігер апелляция берді. Қайта сатып алу аппеляциялық инстанциядағы сот шешімі шешім шығарылғаннан кейін жарияланатын болады. |
|
|
22 |
№ 22 |
Әбілқасымов И.Қ. |
25.05.2021 Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Ыбраевға Жауабы: 17.06.2021 № 01-15/299 Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Ыбраева
|
Рақымжан Қошқарбаев, Қызылсуат ауылдық округтері бойынша 2021 жылға арналған бюджет жоспарын ұсыну туралы
|
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданының бюджеті, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. |
|
|
23 |
№ 23 |
Хасенова Ж.Н. |
25.05.2021 Ақмола облысы полиция департаменті бастығының м.а. Р.Ж. Жанбековқа Жауабы: 02.06.2021 № 1-30-2-26/ЗТ-Х-1829
Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Р. Жанбеков
|
Талапкер ауылында әкімшілік полиция қызметкерлері штатын ұлғайту арқылы полиция бөлімшесін ашу мәселесін қарастыру туралы |
Учаскелік полиция инспекторының қосымша бірліктерін енгізу мәселесін облыстық бюджеттен оларды ұстауға ақша қаражатын бөлу жолымен ғана шешуге болады. Белгіленген тиесілілік нормаларына сәйкес облыс бойынша 87 уУчаскелік полиция инспекторы және олардың 270 көмекшісін енгізу қажет. Осыған байланысты, полиция департаменті облыс әкімінің алдында қосымша ақша қаражатын бөлу туралы мәселе қозғады. Мәселе оң шешілген жағдайда, учаскелік полиция инспекторының штаттарын бөлу кезінде облыстың Астана маңындағы өңірлерін барынша қамту жоспарлануда. |
|
|
24 |
№ 24 |
Ибраев Б.М. |
27.07.2021 Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына
Жауабы: 05.08.2021 № 01-25/1408-И
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлы |
Электр энергиясы тарифі мәселесі бойынша |
«Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты – көшені жарықтандыру» ММ тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу «Ильинка» қосалқы станциясының ұяшықтарында орнатылған есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде 01.01.2021 жылғы № 316221 электрмен жабдықтау шартына сәйкес жүргізіледі. Ай сайын тұтыну көлемі «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС-мен жеке шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемі шегеріле отырып, Целиноград АЭЖ энергия беруші ұйымы және «АЭҮК» АҚ ұсынған есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. |
|
|
25 |
№ 25 |
Матайбаева С.А. Сәденова И.С. |
24.08.2021 Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Е.Сыздықовқа
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басшысына
Жауабы:
23.09.2021 № 106-10-11/6252
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. Досмырзаева 03.09.2021 № 05-04/4368
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Сыздықов
|
Қараөткел, Қаражар орта мектептерінің оқушыларына медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша функцияларды Нұр-Сұлтан қаласының № 12 қалалық емханасына беру туралы |
07.07.2020 жылғы № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес тәрбиеленушілер мен оқушыларға медициналық көмекті ұйымдастыруды аумағында мектепке дейінгі және орта (бастауыш, негізгі-орта, жалпы орта) білім беру ұйымдары бар медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асырады. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасының қызметін ұйымдастыруды денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, бұл мәселені шешу Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз.
Тұрғындарды тіркеу мәселелерін шешу үшін "Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ 10.02.2021 жылғы № 54-ө Бірлескен бұйрығы және "Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ 10.02.2021 жылғы "Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел және Қаражар кенттерінің тұрғындарын бекіту туралы" № 12 қалалық емхана "ШЖҚ МКК №116-әдм бұйрығы шығарылды. Мектеп медицинасы бойынша вакцинациялауды жүргізу бұйрыққа сәйкес тіркелген халық дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмекпен және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, оның ішінде балалар мен мектеп жасындағы жасөспірімдерді міндетті вакцинациялаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
|
|
|
26 |
№ 26 |
Матайбаева С.А. Сәденова И.С. |
24.08.2021 Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Е. Мүсірәлімоваға
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Е.Сыздықовқа
Жауабы:
03.09.2021 № 05-04/4368 Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Сыздықов |
Қаражар, Қараөткел ауылдарының амбулаториясы мен фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимаратын Нұр-Сұлтан қаласының № 12 қалалық емханасына сенімгерлік басқару немесе жалға беру шартымен пайдалану үшін беру туралы |
Тұрғындарды тіркеу мәселесін шешу үшін «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 10.02.2021 жылғы № 54-ө бірлескен бұйрығы және «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 10.02.2021 жылғы «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел және Қаражар кенттерінің тұрғындарын бекіту туралы» № 12 қалалық емхана» ШЖҚ МКК № 116-әдм бұйрығы шығарылды. |
|
|
27 |
№ 27 |
Матайбаева С.А. Сәденова И.С. |
24.08.2021 Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Е. Мүсірәлімоваға
Жауабы: 17.09.2021 № 09-07/4606 Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Сыздықов
|
Нұр-Сұлтан қаласының № 12 қалалық емханасына жұмысқа орналасқан, Қараөткел, Қаражар ауылдарында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне үстемеақылар мен өзге де әлеуметтік қолдау шараларын сақтау туралы түсіндірме беру туралы |
Қараөткел ауылдық округінің тұрғындарына қызмет көрсететін, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мүмкін емес. Сондай-ақ, қалаға келетін мамандар үшін «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет. |
|
|
28 |
№ 28 |
Қонарбаева Л.А. |
26.08.2021 Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қ. Ахметовқа
Жауабы: 08.09.2021 № 03-901
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Қ. Ахметов
|
Тасты, Ақмешіт, Тастақ елді мекендеріндегі білім беру нысандары бойынша ақпарат беру туралы |
Тасты ауылындағы орта мектепте жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеу жүргізу жоспарланбаған. Ақмешіт ауылында 110 орындық модульдік мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жер телімін жалға алу құқығын алуға конкурстық рәсімдер (аукцион) жүргізіледі. Тастақ станциясы бойынша 80 орындық мектеп құрылысы жоспарлануда, жобалық-сметалық құжаттамасы бар. Құрылыс мерзімі - 2022-2023 жылдар. |
|
|
29 |
№ 29 |
Қонарбаева Л.А. |
26.08.2021 Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұловқа Жауабы: 01.09.2021 № 506
Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұлов
|
Тасты, Ақмешіт, Тастақ ауылдарының кентішілік жолдарының жай-күйі мәселесі бойынша ақпарат беру туралы |
2020 жылы Тасты ауылдық округі әкімінің сметалық құжаттамасы әзірленді: 1. Тасты ауылының көше-жол желісін орташа жөндеу, ұзындығы 6,5 км, жалпы сметалық құны 206 994,3 млн.теңге. 2. Ақмешіт ауылының ұзындығы 4 км көше-жол желісін орташа жөндеу, жалпы сметалық құны 98 260,0 млн.теңге. 3. Тастақ станциясының көше-жол желісін орташа жөндеу, ұзындығы 6 км, жалпы сметалық құны 221 680,6 млн.теңге. Ағымдағы жылы қыркүйек айында осы жобаларды 2022 жылы іске асыруға бюджеттік өтінім қайтадан берілетін болады. |
|
|
30 |
№ 30 |
Қонарбаева Л.А. |
26.08.2021 Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Б. Ерболатовға
Жауабы: 02.09.2021 № 47 Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Б. Ерболатова |
Тасты және Ақмешіт ауылдарында спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамту жағдайы туралы ақпарат беру туралы |
2022 жылы Тасты ауылдық округінде спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Тасты ауылдық округінің әкімдігі спорт алаңшасын орнатуға жалпы сомасы 13 868 831 теңгеге сметалық құжаттама әзірледі. |
|
|
31. |
№ 31 |
Қонарбаева Л.А. |
08.09.2021 Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қ. Бейсенбаевқа
Жауабы: 05.10.2021 № 01-19/1269 «Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының орынбасары Е. Ахметов |
Эколог инспекторының қосымша бірлігін бөлу туралы, сондай-ақ карьерлерді қазу кезінде келтірілген залалды анықтау үшін «маркшрейдер жабдығы» бар операторды айқындау қажет. |
Целиноград АПБ №211166030003244 материалдары бойынша кінәлі тұлға (Иванченко Михаил Иванович, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 139-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жұмыс қажеттілігіне байланысты Целиноград ауданына экологиялық мәселелері бойынша жетекшілік ету үшін мемлекеттік экологиялық инспектор Аханов Қ.У. жолданды. Экология департаментінің штатында «маркшейдер» маманы жоқ екенін хабарлаймыз.
|
|
|
32. |
№ 32 |
Матайбаева С.Ә. Қонарбаева Л.А. |
08.09.2021 Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р. Әубәкіровқа
Жауабы: 25.10.2021
№ 01-07/3660
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Е. Оспанов
|
Барлауға және өндіруге келісім-шарт берген кезде, егер шарттарда мұндай тармақтар көзделмесе, пайдаланылған карьерді қалпына келтіру, абаттандыру бойынша кәсіпкердің қандай міндеттемелері көзделген, жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл жұмысты кім және қандай қаражатқа жүргізуге тиіс?
|
Келісімшарттың қолданылуын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді жою мен қалпына келтіруді жүргізу жөніндегі міндеттемелерді одан әрі пайдалануға жарамды күйге дейін орындаудан босатпайды. Жер қойнауын пайдаланушының осы жұмыстары келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған кезде келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде жинақталған тарату қорының қаражаты есебінен жүргізіледі. |
|
|
33. |
№ 33 |
Қонарбаева Л.А. |
15.09.2021 Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Е. Жолумбетовқа
Жауабы: 20.10.2021 № 02-08/154
Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының м.а. Б.Ә. Куликенов
|
Карьерлер бойынша ақпарат ұсыну |
Карьерлер бойынша қосымшаға сәйкес ақпарат беріледі |
|
|
34. |
№ 34 |
Қонарбаева Л.А. |
17.09.2021 А. Жұмағұловқа
Жауабы: 01.10.2021 № 589
Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жұмағұлов
|
Аудандық маңызы бар Нұресіл-Жаңаесіл жолын күрделі жөндеуге қатысты ақпарат беру |
Аудандық маңызы бар «Нұресіл-Жаңаесіл-Зеленый Гай» автомобиль жолдарына қатысты, Нұресіл ауылынан Жаңа Жайнақ ауылына дейінгі участок. Бүгінгі күні жоғарыда аталған учаскені ағымдағы жөндеуге 68,8 миллион теңге сомасына сметалық құжаттама әзірленді, бюджеттік өтінім берілді (16.09.2021 ж. № 01-27/2078-И), жұмыстар қаржыландыру шамасына қарай орындалатын болады. |
|
|
35. |
№ 35 |
Қонарбаева Л.А. |
14.10.2021 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С. Матайбаеваға
Жауабы: 24.01.2022 № 3 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С. Ә. Матайбаева
|
Педагогикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау туралы |
Бұл мәселе ауызша шешілді, бүгінгі күні аудан осы мәселені шешу үшін қаражат алды. |
|
|
36. |
№ 36 |
Қанапиянов А.Ж. |
26.11.2021 «Қазақтелеком» АҚ
Жауабы: 14.12.2021 № 39-10/10429 «Қазақтелеком» АҚ филиалы – орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Қ. Темірханов |
Шұбар, Қызылсуат, Аққайың ауылдарында көрсетілетін интернет байланысы қызметтерінің сапасына қатысты
|
Телекоммуникация қызметтері сымсыз қол жеткізу технологиясы бойынша ұсынылады. Аталған ауылдарда сымды байланыс желілері жоқ. 2021-2022 жылдары Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерінде «Қазақтелеком» АҚ сымды байланыс желілерін салу көзделмеген, өйткені бүгінгі күні интернет желісіне кең жолақты қол жетімділікті дамыту тұжырымдамасы сымсыз қолжетімділік желілері болып табылады. Орталық ӨТД мамандандырылған мердігерімен келісімшарт жасасу арқылы, соның ішінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу бойынша құрылыстық-құрастыру жұмыстары Орталық ӨТД-дан техникалық талаптар ала отырып, өтініш берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
|
|
|
37. |
№ 37 |
Қойлыбаев Ғ.Ж. |
02.12.2021 Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбековқа
Жауабы: 05.01.2021 № 01-25/1
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлы
|
Жарлыкөл ауылында орталық сумен жабдықтау, мектеп, бала-бақша құрылысы туралы |
Жарлыкөл, Сарыкөл ауылдарында сумен жабдықтау желілері құрылысына бастапқы мәліметтерді жинау бойынша жұмыстар басталды. Жер телімін таңдак, келісу актісі алынды. Сондай-ақ жоғарыда аталған елді мекендер бойынша жобаның құнын есептеу жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау уақытылы қаржыландыру кезінде 2022 жылға жоспарлануда. Сумен жабдықтау көзі жер асты сулары болып табылады, ең үлкен тәуліктік тұтыну тәулігіне 19,5 мың м3 құрайды. Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарына сәйкес Жарлыкөл ауылында мектеп пен балабақша құрылысы қарастырылмаған.
|
|
|
38. |
№ 38 |
Қойлыбаев Ғ.Ж. |
02.12.2021 «Altynzhol Group» ЖШС директоры Д.Қ. Әбдірахмановқа
Жауабы: 09.02.2022 № 22-02/13
«Altynzhol Group» ЖШС директоры Д.Қ. Әбдірахманов
|
Қызылсуат ауылын су басу қаупі жағдайларын болдырмау үшін су бұру нысаны құрылысын аяқтау туралы |
Су төгетін науаларды оң температурада орнату ұсынылады. Қыста орнату науалар деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, треншеяны әзірлеу барысында біз Бигелдинов көшесін электрмен жабдықтауға арналған науаларды орнату желісі бойынша 0,4 кВ кабель төселгенін анықтадық. Бұл кабель бетінде қорғаныс корпусы мен сигнал таспасы жоқ. Осы көшенің 0,4 кВ кабель желісін қайта жөндеу мәселесін шешуге көмектесуіңізді сұраймыз. Су тасқыны басталғанға дейін уақытша траншея әзірлеуді және суды науаларды орнатпай тұрғын үй секторынан бұруды ұсынамыз. Ал алдағы уақытта ауа райы қолайлы болған кезде және электрмен жабдықтау мәселесін шешу кезінде жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес монтаждауға кепілдік береміз.
|
|
|
39. |
№ 39 |
Қонарбаева Л.А. |
13.12.2021 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С.Ә. Матайбаеваға
Жауабы: 24.01.2022 № 4
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С.Ә. Матайбаева
|
Арайлы ауылының кентішілік жолдарын жөндеуге республикалық, облыстық бюджеттерден қаражат бөлуге жәрдем көрсету туралы |
Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде «Целиноград ауданы Максимовка (Арайлы) ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 2 120,5 млн. теңгені құрайды. 2021 жылы осы жобаны іске асыруға қаражат бөлу үшін бірнеше рет бюджеттік өтінім берілді, алайда жоба қолдау таппады. Ағымдағы жылы басқарма республикалық және облыстық бюджетті кезекті нақтылауға қаржы қаражатын бөлу мақсатында бюджеттік өтінімді қайта тапсыратын болады. Жоба қаржыландыру шамасына қарай іске асырылатын болады.
|
|
|
40. |
№ 40 |
Қонарбаева Л.А. |
24.12.2021 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С.Ә. Матайбаеваға
Жауабы: 07.02.2022 № 8 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты С.Ә. Матайбаева
|
Арайлы ауылында сумен жабдықтау жүйесі бойынша |
«Максимовка (Арайлы) ауылының жаңа учаскелерінде су құбыры желілерін салу» жобасы бойынша бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің республикалық бюджетін кезекті нақтылауға бағытталған. Қазіргі уақытта өтінім Министрлікте қаралуда. |
|
|
41. |
№ 41 |
Қойлыбаев Ғ.Ж. |
31.01.2022 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешевке
|
Рахымжан Қошқарбаев ауылы өзенінің жағалауын бұзуға жол бермеу мақсатында жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру туралы |
|
|
|
42. |
№ 42 |
Конарбаева Л.А. |
07.02.2022 Целиноград ауданы құрылыс бөлімінің басшысы С.Қ. Сүлейменовқа
Жауабы: 09.03.2022 № 01-17/41 Целиноград ауданы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Н. Садыров
|
Жалғызқұдық, Красноярка, Сарыкөл ауылдарын сумен жабдықтау мәселесі бойынша ақпарат беру туралы |
Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі уақытта Жалғызқұдық, Жарлыкөл, Сарыкөл ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді жинау бойынша жұмыстар аяқталды. Уақытылы қаржыландыру кезінде жұмыстардың әлеуетті жеткізушісін айқындау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жоспарлануда. |
|
|
43. |
№ 43 |
Конарбаева Л.А. |
08.02.2022 Целиноград ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.С. Ахмединге |
Аудандық маңызы бар Нұресіл-Жаңаесіл жолын күрделі жөндеуге қатысты мәселені шешу мерзімі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру туралы |
|
|
|
44. |
№ 44 |
Конарбаева Л.А. |
15.02.2022 «Целиноград жылу тарату компаниясы» ЖШС директорына
Жауабы: 20.04.2022 № 40
«Целиноград жылу тарату компаниясы» ЖШС директоры А. Коспанов
|
Қызылжар ауылындағы мектеп ғимаратындағы жылыту қазандықтарының жағдайына қатысты |
Тарифтік саясат және сенімгерлік басқару шарты шеңберінде ұйыммен қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Объектінің теңгерім ұстаушысына күрделі жөндеу және негізгі құралдарды сатып алу. Компания ұзақ жанатын жаңа қазандықты сатып алды, Мәншүк ауылындағы мектептің ескі қазандығынан екінші КВР-03 қазандығы бөлшектелді және Қызылжар ауылындағы мектеп қазандығына орнатылды. Көмірдің сапасына қатысты іріктеп әкелуді өндірмейміз, облыстың білім беру басқармасының барлық объектілері осы көмірмен жылытылады және проблемалары мен шағымдары жоқ екендігін хабарлаймыз. Қатты отынды қою кезінде өнімге барлық қажетті сертификаттар беріледі. Жалақы тарифтік смета шеңберінде белгіленді, сондай-ақ қазандықтың Нұр-Сұлтан қаласына жақындығын ескере отырып, 2021-2022 ж. ж. жылыту маусымынан бастап персоналдың санын 108 270 теңге тарифтік мөлшерлемесімен бір ауысымда 2 адамнан ұлғайту туралы шешім қабылданды.
|
|
|
45. |
№ 45 |
Конарбаева Л.А. |
16.02.2022 Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Оспановқа
Жауабы: 19.04.2022 03-41/677
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С. Оспанов
|
Қараөткел ауылдық округінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және ҚТҚ шығару тарифіне қатысты |
2021 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Экология вице-министрінің қатысуымен кеңес өтті, онда қатты тұрмыс қалдықтарын жинау және шығару, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аймағындағы қоқыс үйінділерін жою мәселелері талқыланды. Аталған кеңесте қала маңындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды және Қосшы елді мекендерінде қатты тұрмыс қалдықтарын жинау және шығарумен айналысатын ұйымдарды техникалық жарақтандыру және қатты тұрмыс қалдықтарымен жұмыс істеу жүйесін жаңғырту туралы шешім қабылданды. Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында «GreenEcoService» ЖШС Қараөткел ауылында қатты тұрмыс қалдықтарын өңдеу зауытының құрылысына көлемі 8 га жер телімі бөлінді, бірақ «GreenEcoService» ЖШС қаржылық қиындықтарға байланысты зауыт құрылысы кейінге қалдырылды. Целиноград ауданының әкімдігі қатты тұрмыс қалдықтары полигонын салуға технико-экономикалық негіздеме жобасын әзірледі. Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскесін рәсімдегеннен кейін жоба мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады.
|
|
|
46. |
№ 46 |
Конарбаева Л.А. |
17.02.2022 Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қ.Е. Ахметовқа
Жауабы: 05.04.2022 № 03-281 Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі басшысының м.а. А. Елеуова
|
«Нұрлы» өндірістік кооперативі аумағында балабақша және мектеп салу, ашу туралы |
«Нұрлы» тұтыну кооперативі елді мекен мәртебесіне ие емес және ауданның әкімшілік бірлігі болып табылмайды. Оқушыларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін бөлім балансында тұрған 3 мектеп автобусы бөлінді. Мектеп автобустары 289 оқушыны екі қалалық мектепке: Күйгенжар ауылының № 42 орта мектебіне және Мичурин ауылының № 43 орта мектебіне тасымалдауды жүзеге асырады. |
|
|
47. |
№ 47 |
Конарбаева Л.А. |
22.02.2022 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.С. Елюбаевқа |
Ақмол ауылының И. Шарф және Ш. Исенов көшелерінің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты |
|
|
|
48. |
№ 48 |
Саденова И.С. |
01.03.2022 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.С. Елюбаевқа |
Электрмен жабдықтау проблемалы мәселесі бойынша |
|
|
|
49. |
№ 49 |
Конарбаева Л.А. |
15.03.2022 «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. Стыбаевқа
Жауабы: 18.03.2022 Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Стыбаев
|
Қажымұқан ауылындағы жолдар құрылысының сапасына қатысты |
«Қажымұқан ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу – 11,9 км» жобасы. «Прогресс KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы, шарт бойынша құны 1 125 598, 9 мың теңге. Жобаны іске асыру 2019 жылы басталды. Жұмыстар жобалық атаумен 17 көшеде жүргізілді: № 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 13, 15, Байсейітова, Қ.Ахметбеков, Ш. Қалдаяқов, Жібек Жолы, Қ. Мұңайтпасов, Құрама, С. Сейфуллин. Нысан 2021 жылы аяқталып, қабылданды. «Қажымұқан ауылындағы 8,3 км ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу» жобасына қатысты. Жоба 2021 жылы әзірленді. Жобаның құны 2 858 772,0 мың теңге. Осы жоба бойынша РБК-ға бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру бөлінген кезде мердігерлік ұйымды анықтауға конкурс жарияланатын болады.
|
|
|
50. |
№ 50 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы Ж. Сапарбаевқа
|
Целиноград ауданындағы көп балалы аналардың қалалық маршруттық автобустармен тегін жүруі туралы |
|
|
|
51. |
№ 51 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы Ж. Сапарбаевқа
Жауабы: 19.04.2022 № 503-09-09/1173
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Е. Диханбаев
|
Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарына дейін № 306, № 326 автобустардың маршруттарын жаңарту туралы |
Қазіргі уақытта Целиноград ауданының Талапкер ауылында № 306 және № 326 қала маңындағы маршруттармен, сондай-ақ Нұресіл ауылындағы № 311 және Арайлы ауылындағы № 310 ілеспе маршруттармен қызмет көрсетіледі, автобустар саны және олардың аралығы осы елді мекендердегі жолаушылар ағынына сәйкес келеді. Қала маңындағы маршруттарды орталық базарға дейін ұзарту мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының 77-тармағына 2-абзацына сәйкес № 349 «қала маңындағы маршруттың қозғалыс сызбасы қала шегінде ең қысқа болуы тиіс» екендігін хабарлаймыз. |
|
|
52. |
№ 52 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбековқа Жауабы: 20.04.2022 № 03-41/685
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С. Оспанов
|
Талапкер ауылындағы электр желілерінің сынуына қатысты |
Целиноград ауданы әкімінің 28.10.2021 жылғы № А-3/355 «Талапкер ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау жер телімдері бар объектіні беру туралы» қаулысына сәйкес Талапкер ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау теңгерімінен «Целиноград ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, көрсетілген кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, Талапкер ауылының электр желілерін салу және жөндеу жөніндегі ақпаратты бере алмаймыз, себебі Тапсырыс беруші «Целиноград ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
|
|
|
53. |
№ 53 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 «Ақмол» желілік учаскесінің бастығы В.Оленскийге
Жауабы: 08.04.2022 № ПС-40-4035 «Ақмол» желілік учаскесінің бастығы В. Оленский
|
Талапкер - Қажымұқан желісі бойынша электр қуатымен байланысты мәселелерге қатысты |
Максимовка 35/10 кВ ҚС № 16 10 кВ ВЛ бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Сөндірулер кінәсі болған тұтынушылар - ажыратылды, анықталған ескертулер жойылды. Осы желі бойындағы ағаштарды кесу 2022 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған. |
|
|
54. |
№ 54 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 «АСТ-Энергосервис» ЖШС директоры Н. Багатбековке
Жауабы: 05.04.2022 № 125 «АСТ-Энергосервис» ЖШС Бас директоры Мурат А. А.
|
02.10.2017 жылы пайдалануға берілген «Талапкер ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау» нысанын техникалық қадағалау жөніндегі қорытындының көшірмесін беру туралы
|
«АСТ-энергосервис» ЖШС қайта ұйымдастырылуына және сатылуына байланысты 2018 жылы меншік иесі ауысты. Қазіргі уақытта 2018 жылға дейін мұрағатта құжаттар жоқ. |
|
|
55. |
№ 55 |
Хасенова Ж.Н. |
28.03.2022 «Павлодарэнергопроект» ЖШС директорына
Жауабы: 31.03.2022 № 22/491
«Павлодарэнергопроект» ЖШС директоры П. Шестаков
|
02.10.2017 ж. пайдалануға берілген «Талапкер ауылының жаңа құрылысын электрмен жабдықтау» нысанының авторлық қадағалау бойынша қорытындысының көшірмесін беру туралы
|
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы 2017 жылғы қорытынды жіберіледі |
|
|
56. |
№ 56 |
Конарбаева Л.А. |
28.03.2022 Ақмола областық мәслихатының депутаты С. Матайбаеваға
Жауабы: 19.04.2022 № 18 Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Матайбаева С.А.
|
Нұресіл ауылында балалар спорт алаңын салуға қатысты |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімді ұсынған кезде негізделген есептер мен растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес қосымша қаражат бөлу мәселесі бюджетті кезекті нақтылау кезінде облыстық комиссияның қарауына енгізілетін болады. Сонымен қатар, Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының ағымдағы жылғы 15 наурыздағы № 7С-15-5 шешімімен Целиноград ауданында (Талапкер ауылы) 14 алаң орнатуға 280 млн. теңге бөлінді. Қараөткел ауылы, Тасты ауылы, Ы. Алтынсарин ауылы, Қажымұқан ауылы, Қаражар ауылы, Жарлыкөл ауылы, Приречное ауылы, Қоянды ауылы, Шалқар ауылы, Р. Қошқарбаев ауылы, Жаңаесиль ауылы)
|
|
|
57. |
№ 57 |
Конарбаева Л.А. |
11.04.2022 Ақмола областық мәслихатының депутаты С. Матайбаеваға |
Ауданның жалпы білім беретін мектептерін күрделі жөндеу үшін қаржыландыру туралы |
|
|
|
58. |
№ 58 |
Қанапиянов А.Ж. |
15.04.2022 «Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. Стыбаевқа |
Ақмол ауылының № 4 шағын ауданында 500 метр көше ішіндегі жолға асфальт төсеу |
|
|
|
59. |
№ 59 |
Қойлыбаев Ғ.Ж. |
18.04.2022 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешевке |
Рахымжан Қошқарбаев ауылы өзенінің жағалауын бұзуға жол бермеу мақсатында жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру туралы |
|
|
|
60. |
№ 60 |
Конарбаева Л.А. |
19.04.2022 «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы С. Саудабаевқа
Жауап: 21.04.2022 № 02-05-03-03/576
«Астана казпочтамт» Астана филиалының директоры Б.С. Маликова
|
Бөлімшелердің жабылу себептері туралы түсінік беру, қалыптасқан жағдайдан шығудың баламалы жолын ұсыну туралы |
Қазіргі уақытта қызметкердің болмауына байланысты Оразақ ауылдық пошта бөлімшесі уақытша жабылды. 2021 жылғы ауылдық пошта бөлімшелерін экономикалық талдау нәтижелері бойынша Оразақ ауылдық пошта бөлімшесі теріс нәтиже көрсетті және шығынды бөлімше болып табылады. Бөлімшелердің шығындылығына әсер ететін негізгі факторлар бұл үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар, байланыс арнасын жалға алу, пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымдарды жеткізуге байланысты шығыстар, пошта қызметкерлерінің жалақысы, инкассация.
|
|