ЖОБА
Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 2021 жылғы
Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 87/10-6 «Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 87/10-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Қ. Теміров
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Ибраев