Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Целиноград ауданы әкімдігі мен Целиноград аудандық мәслихатының БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Целиноград ауданының әкімдігі

Ақмол ауылы

2021 жылғы 19 сәуірдегі

№ А-3/130 қаулы

 

Целиноград аудандық мәслихаты

Ақмол ауылы

2021 жылғы 19 сәуірдегі

№ 29/6-7 шешім

 

 

Целиноград ауданының

әкімшілік-аумақтық

құрылысын өзгерту туралы

ұсыныстар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы келесі ұсыныстар енгізілсін:

Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала категориясына жатқызылсын;

Тайтөбе ауылы Қосшы қаласының құрамдас бөлігіне қосылсын.

2. Осы Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград ауданының әкімі                 Б. Оспанбеков 

 

Целиноград аудандық                 

мәслихаты сессиясының

төрағасы                                                                Қ. Теміров

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                                   Б. Ибраев

Бірлескен акт
Дата публикации
21 апреля 2021