Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 28/6-7 2021 жылғы 19 сәуір
Жетінші шақырылған
Целиноград аудандық мәслихатының
кезектен тыс алтыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы
Ақпарат беруші: Айткужинова Алма Көкішқызы, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары.
2. «Целиноград ауданында өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 161/21-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақпарат беруші: Дүйсебекова Айсұлу Олжабайқызы, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Қ. Теміров
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Ибраев