Жоба
Целиноград ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабының 3 тармағының 3 – 1) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауға осы қаулыға қоса берілген 1 – 12 дейін схемалары бекітілсін.
2. Қоса берілген Целиноград ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы қаулыға қоса берілген 13 тәртібі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола обылысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Оспанбеков