Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебековтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 26 наурызында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, ауданда мал шаруашылығын дамыту мәселесі қайта талқыланды.

Қоғамдық кеңестің отырысына аудан әкімінің орынбасары Анаш Сәпиұлы Жантеміров, ауданның мемлекеттік мекемелерінің және мал шаруашылығы шаруашылықтарының жекелеген басшылары шақырылды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Серікқазыұлы Дулатов ауыл шаруашылығы малдары санын айтып өтті:

Ірі қара мал – 2019 жылмен салыстырғанда 32 562 бас немесе 100,4 %, оның ішінде сиырлар 15 483 бас немесе 99,4 %, «Шалқар» ЖШС және «Антоновка» ЖШС барлығы 450 бас ірі қара малды сатуға байланысты 273 бас ірі қара мал.

Жылқылар – 17 471 бас немесе 92,1 %, Қарағанды облысына «Zhabay auyly» ЖШС 720 бас жылқысын және Ерейментау ауданына «Ен Дала» ЖШС 291 бас жылқысын айдауға байланысты. Сондай-ақ, халықта төмендеу байқалады - 786 бас.

Қойлар – 25 892 бас немесе 86 %, «Сары-Терек» ауыл шаруашылығы кәсіпорны» ЖШС барлығы 495 бас қойын өткізуіне байланысты, сондай-ақ халықта 3922 бас азаю байқалады.

Талқылау барысында мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру, сүт-тауар және ет фермаларын құру, тұқымдық түрлендірумен қамту, Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі мәселелері алға тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында ауданда 4 сүт өңдеу зауыты жұмыс істейді: тәулігіне 60 тонна қуаттылығымен 5000 басқа арналған «Агрофирма «Родина» ЖШС, 1000 басқа арналған, қуаттылығы тәулігіне 10 тоннаға дейін «Астана-Өнім» АҚ, қуаттылығы тәулігіне 8 тонна «Максимовка сүт зауыты» ЖШС және тәулігіне 1,5 тонна «Асыл Тұқым» ЖШС.

Ауданда сүт өндірумен 50-100 бас ірі қара малдан 20-дан астам ұсақ отбасылық фермалар және екі орта фермалар айналысады: 150 басқа арналған «Сыдықбек» ЖШС және 120 басқа арналған «Family Farm» ЖШС.

Ауданда 500 және одан да көп ірі қара мал басына 5 ірі бордақылау алаңы жұмыс істейді - бұлар «Агропарк» ЖШС, «Қадам-НС» ЖШС, «АКА» ЖШС, «Ен-Дала» ЖШС, «Айбарыс» шаруа қожалығы, «Zhabay auly» ЖШС, сондай-ақ жылқыларды бордақылау бойынша «Ақтық» ЖШС, «Ен Дала» ЖШС, «Сыдықбек» ЖШС, «АФ «Родина» ЖШС, «Қадам-НС» ЖШС, «Zhabay auly» ЖШС, «Құлатай» шаруа қожалығы және т.б.

2020 жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері елордаға 20,7 мың тонна ет өнімін, 37,9 мың тонна сүт өнімін, 4,7 мың тонна картоп және 1,5 мың тонна көкөніс жеткізді.

Мал азығы мен жайылымдық жерлерді дайындау бойынша көптеген мәселелер бар.

2020 жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,9 миллиард теңге көлемінде субсидия төленді. Оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 216,7 миллион теңге; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға 2,7 миллиард теңге.

Жалпы алғанда, ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін бастапқы кезекте халықты және шаруа қожалықтарын мал жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет.

Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі 2021 жылға келесі міндеттерді алға қойып отыр:

- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;

- мал шаруашылығын дамыту бойынша индикативтік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету (400 бас асыл тұқымды аналық мал сатып ала отырып, 2 ет фермасын құру; 1000 бас ірі қара малын сатып ала отырып, 1 сүт-тауар фермасын құру («Ен Дала» ЖШС); 14,1 % немесе 2180 бас аналық мал басын тұқымдық түрлендірумен қамту);

- 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту;

- мүдделі органдармен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін ауылдық округтердің айналасынан жер беруді көздеу;

- мал шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;

- жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу туралы жайылым пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

- жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын кеңейтуде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету;

- ауданда талдау және есепке алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жем-шөпті уақтылы дайындауының жыл сайынғы мониторингі.

Целиноград ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесін келісу үшін Қоғамдық кеңеске жіберді. Осы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрболат Елеусізұлы Аманжолов сөз сөйледі.

Целиноград ауданының Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Ерұлан Сәбитұлы Төлешов мал шаруашылығы мен кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданды.

Дата публикации
26 марта 2021