IV сессияның күн тәртібі

Жетінші шақырылымдағы

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті төртінші

сессиясының күн тәртібі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Жетінші шақырылымдағы Целиноград аудандық мәслихатының кезекті төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі.

Баяндаушы: Нұртазин Асқар Айтмұхамбетұлы, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2. Целиноград ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс туралы.

Ақпарат беруші: Нұркенов Арман Серікұлы, «Целиноград ауданы төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.

3. 2021 жылға арналған Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Ақпарат беруші: Ыбыраева Әлмира Бақытқызы, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

5. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы.

 

Целиноград аудандық                 

мәслихаты сессиясының

төрайымы                                                     Л. Қонарбаева           

 

Целиноград аудандық

мәслихатының хатшысы                         Б. Ибраев                                   

Целиноград аудандық мәслихатының шешімі
Дата публикации
25 марта 2021