2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының

2021 жылға арналған перспективалық

жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоса берілген 2021 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларына (С. Матайбаева, А. Верёвкин) жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

          

Целиноград аудандық                                                     

мәслихаты тұрақты                                                 

комиссияларының

төрағалары                                                  С. Матайбаева  

                                                                         А. Верёвкин   

 

Целиноград аудандық мәслихаты

тұрақты комиссияларының

2021 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 02-01/114 қаулысына қосымша

 

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссиялырының 2021 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

2021 жылы Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысында келесі мәселелерді қарау жоспарланады:

 

1. Экономика және бюджет мәселелері бойынша

1. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйі және олардың қызметін жақсарту жөніндегі шаралар туралы

(«Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ақпараты)

1-тоқсан

                                                                                                      2. 2020 жылға арналған аудан бюджетінің, 2020 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептің жобалары туралы (талдамалық анықтамаларды талдау және қорытынды дайындау)

(«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі, тұрақты комиссияның қорытындылары)

2-тоқсан

3. Ауданның жылумен жабдықтау объектілерін, кәсіпорындарын 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындау барысы туралы

(«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі)

4. Целиноград ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жай-күйі, жөндеу және күтіп ұстау туралы

(«Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ақпараты)

5. Целиноград ауданының елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысы туралы

(«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі)

3-тоқсан

6. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы

7. 2021-2023 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдары және ауылдық округтері бюджеттерінің жобасы туралы

4-тоқсан

8. 2020 жылға арналған аудандық бюджетке және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді қарау

тоқсанына 1 рет

9. Кезекті сессияға негізгі мәселені дайындауға қатысу (анықтамалар, қосымша баяндамалар)

Комиссия отырысында сессияның қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру.

 

2. Әлеуметтік мәселелер, зандылық пен құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік пен этика бойынша

10. Целиноград ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы

(Целиноград ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының ақпараты)

1-тоқсан 

11. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі жұмыс туралы

(Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының есебі)

12. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендеріндегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы

(Целиноград аудандық емханасы бас дәрігерінің ақпараты)

 2-тоқсан

13.«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы   (Ұсынылған үміткерлерді талқылау және тиісті қорытындылар қабылдау).

14. Депутаттық сауалдарға жауаптардың сапасы және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзуға жол беретін ауданның мемлекеттік мекемелері басшыларының және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы (тұрақты комиссия төрағасының қорытындысы).

3-тоқсан

15. Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі депутаттық өкілеттіктерін орындау және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру туралы есептері.

16. Тұрақты комиссияның 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарының жобасын талқылау

4-тоқсан

17. Кезекті сессияға негізгі сұрақтарды дайындауға қатысу (анықтама, қосымша баяндама)

Комиссия отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар беру    

1-4 тоқсандар

 

3. Ұйымдастыру іс-шаралары

18. Аса маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Целиноград ауданы халқының тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша «Депутат күндері», дөңгелек үстелдер, көпшілік тыңдаулар өткізу.

1-4 тоқсандар

19. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулері.

кестеге сәйкес

20.Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:

1) сессия жұмысына және оны  дайындауға қатыссын, қажет болғанда сессия отырыстарының күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізусін;

2) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының, сондай-ақ сыни ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Олардың орындалу барысы туралы сессиялар мен комиссиялар отырыстарында мерзімді ақпараттандырсын.

1-4 тоқсандар

21. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары әрдайым өз сайлаушыларымен байланыста болып, олармен өзінің сайлау округтерінде кездесулер өткізсін, оларға мәслихат жұмысы туралы үнемі ақпарат беріп, қоғамдық пікір мен халық мұқтаждарын зерделесін, үкіметтің атқару органдарына сұраныстар мен ұсыныстар енгізсін.

ұдайы

22. Сайлаушыларды өздерінің жұмыстары мен аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру үшін «Есіл-Нұра», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінің, интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану.

ұдайы           

Тұрақты комиссиялардың қаулысы
Дата публикации
25 декабря 2020