«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 23-бабына сәйкес және ауданның Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2 ақпанында ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Қ. Әшебековтың төрағалығымен Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Амантайұлы Оспанбековтың негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі жұмыс нәтижелері және ауданды дамыту жөніндегі жоспарлар туралы есебі тыңдалып, талқыланды.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Болатбек Мұхтарұлы Ибраев 2020 жылғы аудандық мәслихаттың жұмыс нәтижелері туралы және Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы қосымша баяндамалар жасады.
Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Пандемияға байланысты шақырылғандардың тізімі шектеулі болды.
Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының әкімі Б. А. Оспанбековтың аудандағы негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі жұмыс нәтижелері және ауданды дамыту жөніндегі жоспарлар туралы есебі бекітілсін.
2. Целиноград ауданының әкіміне экономиканың өсуін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Бес институционалдық реформаны, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.