Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 555/76-8 28 қыркүйек 2026 жыл
«Целиноград ауданының
құрметті азаматы» атағын
беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8С-32-6 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің ұсынымдары мен Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытындылары негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін:
|
Сауле Имантаевна Гумароваға
|
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
|
|
Кульшат Рамазановна Досмогамбетоваға
Зауре Балуановна Какабаеваға
Гульбану Алитановна Кунаковаға
Кайрат Кайруллинович Ныгметовқа
Орынбай Сейдағаламұлы Сейдағаламовқа
|
«Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Целиноград аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері;
Целиноград ауданы Әжелер алқасының төрағасы, Целиноград ауданы Аналар алқасының сарапшысы;
«Целиноград ауданы әкімдігінің Істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сервистік әкімдігінің менеджері;
Целиноград ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы;
зейнеткер, еңбек сіңірген спорт қайраткері. |
2. Аталған тұлғаларға куәлік, «Целиноград ауданының құрметті азаматы» төсбелгілері табыс етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева