Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері орындау туралы есебі

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                             № 554/76-8                     28 қыркүйек 2026 жыл

 

Целиноград ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялар

мен міндеттері орындау туралы есебі

 

Целиноград ауданының әкімі Д.С. Сабырғалидың жоғарыда аталған мәселе бойынша есебін тыңдап және талқылай отырып, Целиноград аудандық мәслихаты есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ақмола облысы әкімінің тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру бойынша аудан әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгенін атап өтеді.

Аудандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудан дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар тартуға, кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға және тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар іске асырылуда.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Целиноград ауданының бюджеті 18,5 миллиард теңге көлемінде нақтыланды. Бюджеттің кіріс бөлігі 115,2 пайызға орындалды. 7 миллиард 866 миллион теңге жоспар кезінде нақты түсім 9 миллиард 063 миллион теңгені құрап, жоспардың 1,2 миллиард теңгеге артығымен орындалуы қамтамасыз етілді. Бюджеттің шығыс бөлігі 94,4 пайызға орындалды.

Жыл басынан бері аудан экономикасына 35 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Ауданның инвестициялық портфелі жалпы құны 74 млрд. теңгені құрайтын 17 жобаны қамтиды. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы және туризм салаларында жобалар іске асырылуда. «Агрохаб» индустриялық аймағын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 миллиард теңгені құрады. Агроөнеркәсіптік кешенде мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, жемшөп өндірісін және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда.

Қазіргі уақытта ауданда 4888 кәсіпкерлік субъектісі бар. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 11 грант берілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 49,5 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 миллиард теңгені құрады. Жыл басынан бері 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ақмол ауылында 10 кредиттік көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.

Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сумен жабдықтау, газдандыру және электрмен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Ауданның 27 елді мекені орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген. 24 ауылда 36 кешенді блок-модуль жұмыс істейді.

Ауданның 9 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ауылдық елді мекендерді одан әрі газдандыру және газбен жабдықтаудың жаңа нысандарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Электр желілері мен электрмен жабдықтау нысандарын мамандандырылған энергия беруші ұйымдардың сенімгерлік басқаруына беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Халықты жұмыспен қамту саласында жыл басынан бері 1402 адам жұмысқа орналастырылды. 51 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 1643 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарды қолдау жүзеге асырылуда.

Білім беру саласында 70 мектепке дейінгі ұйым және 49 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Ауданда үш ауысымды оқыту жоқ. Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Мәдениет саласында 23 мәдениет нысаны және 14 кітапхана жұмыс істейді. Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және халықтың шығармашылық әлеуетін дамыту жұмыстары жалғасуда.

Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 35 мыңнан астам адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Спорт нысандарын салу және қайта құру жұмыстары жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында халыққа 43 денсаулық сақтау нысаны медициналық көмек көрсетеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 16 медициналық нысан салынды.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамикаға қарамастан, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыру, инвестициялар тарту, тұрғын үй салу, жаңа жұмыс орындарын құру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларды дамыту мәселелері өзекті болып қалуда.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Целиноград ауданының әкімі Д.С. Сабырғалидың «Өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы» есебі мақұлдансын.

2. Целиноград ауданының әкімдігіне:

1) мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

2) инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеру бойынша шаралар қабылдау;

3) бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру;

4) аудан экономикасына инвестициялар тартуды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді одан әрі қамтамасыз ету;

5) «Агрохаб» индустриялық аймағын дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыру;

6) Ақмол ауылындағы кредиттік көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету;

7) халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыруды және сумен жабдықтау объектілерін дамытуды ерекше бақылауға алу;

8) халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту және ауданның елді мекендерін газдандыру жобаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

9) электр желілері мен электрмен жабдықтау объектілерін мамандандырылған ұйымдардың сенімгерлік басқаруына беру жөніндегі іс-шаралардың аяқталуын қамтамасыз ету;

10) ауданның елді мекендеріндегі жол, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;

11) агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдау;

12) кәсіпкерлікті қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

13) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру;

14) медициналық кадрларды ауылдық елді мекендерге тарту және бекіту бойынша шаралар қабылдау;

15) білім беру, мәдениет және спорт объектілерін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмысты жалғастыру;

16) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде салынған денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беруді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алу, сондай-ақ ауылдық елді мекендерге медициналық кадрларды тарту және бекіту бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

3. Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары халықты жан-жақты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қорытындыларын, сондай-ақ Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қабылданып жатқан шараларды жариялау жөніндегі жұмысты жандандырсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Г. Сабитова) жүктелсін.

6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                            Л. Конарбаева      

Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттері орындау туралы есебі
Дата публикации
30 сентября 2026