Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетпіс алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

Целиноград аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақмол ауылы                             № 553/76-8                     28 қыркүйек 2026 жыл

 

Сегізінші шақырылған

Целиноград аудандық

мәслихатының кезекті

жетпіс алтыншы

сессиясының

күн тәртібі туралы

               

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетпіс алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

1. Целиноград ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.

Баяндаушы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.

2. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркінқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

3. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 232/39-7 «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы.

4. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 114/16-8 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Қонарбаева Лязат Амангелдіқызы, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы.

5. «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 468/62-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Ақпарат беруші: Тулеубеков Дәулет Мерекеұлы, «Целиноград ауданының сәулет, қалақұрылысы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

6. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Целиноград аудандық                  

мәслихатының төрағасы                                       Л. Конарбаева

Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті жетпіс алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
30 сентября 2026