Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 551/75-8 16 қыркүйек 2026 жыл
Целиноград ауданы әкімдігі
жанындағы арнайы
комиссияның дербес
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 03-41/2041 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 467/62-8 «Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 551/75-8 шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамы
|
Нуртазин Аскар Айтмухамбетович |
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Ибраева Дина Магипияновна |
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы; |
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Архабаева Марал Жаксылыковна |
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);
|
|
Каратаев Турар Батыргалиевич |
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Капанов Амангельды Шаукенович |
№ 2 сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша);
|
|
Кенжибеков Гумар Серикович |
Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің пробация қызметі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
|
|
Маренова Гульнара Кеншиликовна
|
Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Целиноград ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы (келісім бойынша); |
|
Умарова Динара Сабитовна |
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшы.
|
Тиісті ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (қажеттілігіне қарай)