Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 550/75-8 16 қыркүйек 2026 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезектен
тыс жетпіс бесінші
сессиясының күн
тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпіс бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Назарова Светлана Пайзуллақызы, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Жетпісбаева Камила Болатқызы, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева