Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 513/68-8 20 мамыр 2026 жыл
Сегізінші шақырылған
Целиноград аудандық
мәслихатының кезекті
алпыс сегізінші сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Целиноград аудандық мәслихатының кезекті алпыс сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашылар:
Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.
Рахимжанов Мурат Хабделмаликович, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
Сабитова Гульнар Галиулловна, Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
3. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
4. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева