Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 514/68-8 20 мамыр 2026 жыл
2025 жылға арналған аудандық
бюджеттің орындалуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Жоғарыда аталған мәселе бойынша Целиноград ауданының әкімі Д. С. Сабырғалидің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. Х. Рахимжановтың есептерін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2025 жылға арналған аудан бюджетін орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі өз қаражаты есебінен (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 2026 жылғы 01 қаңтарға 6 611,0 миллион теңгені құрады, 110,2 пайызға орындалды, нақты түсім 7 283,1 миллион теңгені құрады, 672,1 миллион теңгеге асыра орындалды.
2025 жылғы трансферттер түсімдері 87.7 пайызды құрады, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 2025 жылы іске асыру 212 779,4 мың теңгені немесе 153,8 пайызды құрады.
2025 жылғы аудандық бюджеттің іске асырылуы ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.
Сонымен қатар, 2025 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар.
2025 жылғы кезеңде игерілмеген қаражат сомасы 2 миллиард 387 миллион 995 мың 900 теңгені құрады, оның ішінде: 1 380,0 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер, 878 809,6 мың теңге облыстық бюджеттен трансферттер, 1 685 694,8 мың теңге Ұлттық қордан трансферттер, 962 687, 9 мың теңге аудандық бюджет қаражаты.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2026 жылғы 24 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының, Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытындылары, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымы негізінде, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының әкімі Д. С. Сабырғалидің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. Х. Рахимжановтың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» есептері назарға алынсын.
2. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 39 707 451,6 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 6 797 952,2 мың теңге; салықтық емес түсімдер 272 347,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 212 779,4 мың теңге; трансферттер түсімдері 32 424 372,6 мың теңге;
2) шығындар - 40 334 254,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 771,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 282 828,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 271 057,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 14 440,1 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -653 014,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -653 014,1 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 282 828,0 мың теңге, қарыздарды өтеу – 222 339,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 592 525,1 мың теңге.
3. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Целиноград ауданы бюджетінің орындалуы туралы есеп-қорытындысы бекітілсін.
4. Целиноград ауданының әкіміне (Д. С. Сабырғали) ұсынылсын:
1) аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджетке берешекті төмендетуге және жоюға бағытталған шаралар қабылдау;
2) бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізуді, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бақылауды күшейту;
3) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкес аудандық бюджеттің кірістері мен шығыстарын атқару, нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау.
5. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А. С. Беркеева) ұсынылсын:
1) аудандық бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерінің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлерге, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кезекті қаржы кезеңіне арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аудан дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін неғұрлым сапалы пайдалануға, бюджетті атқару кезінде барлық болжанатын тәуекелдерді мұқият есептеу;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілікті дұрыс және толық ұсынғаны, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді сапалы бергені үшін жауапкершілігін қамтамасыз ететін қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде шаралар қабылдау;
4) дебиторлық және кредиторлық берешекті, оның ішінде мерзімі өткен берешекті қысқарту, оның одан әрі өсуі мен қалыптасуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуге;
5) шығыстардың жекелеген түрлері бойынша Целиноград ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қатаң қаржылық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.
6. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына (бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне) ұсынылсын:
1) бюджет қаражатын, оның ішінде ағымдағы трансферттер мен даму трансферттерін уақтылы және толық көлемде игеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалар шеңберінде көзделген жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
2) жеткізушілер шарттық міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда жеткізушілерден шарттық міндеттемелерді орындауға қол жеткізу, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды уақтылы жүргізу, қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларын жасау кезінде көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар мен сатып алынған тауарлар үшін нақты төлем мерзімдерін ескеру, мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеу.
7. «Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (К. А. Уразалинов) ұсынылсын:
1) өз кірістерінің үлесін ұлғайту, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бар берешекті толық өтеу бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру;
2) 2026 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне және толық таратылуына жол бермеу мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту және аудандық бюджетке берешекті төмендету жөнінде шаралар қабылдау.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Г. Г. Сабитова) жүктелсін.
9. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
Д. Сабырғали
2026 жылғы .