2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының ҚАУЛЫСЫ

 

Ақмол ауылы       № 02-03/232      14 мамыр 2026 жыл

 

2025 жылға арналған

аудандық бюджеттің

орындалуы туралы

 

«Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның 2025 жылғы Целиноград ауданының бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ауданның атқарушы органдары 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі өз қаражаты есебінен (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 2026 жылғы 01 қаңтарға 6 611,0 миллион теңгені құрады, 110,2 пайызға орындалды, нақты түсім 7 283,1 миллион теңгені құрады, 672,1 миллион теңгеге асыра орындалды.

2025 жылғы трансферттер түсімдері 81,7 пайызды құрады, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 2025 жылы іске асыру 212 779,4 мың теңгені немесе 153,8 пайызды құрады.

2025 жылғы аудандық бюджеттің іске асырылуы ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Түскен қаражат негізінен мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар.

2025 жылғы кезеңде игерілмеген қаражат сомасы 2 миллиард 387 миллион 995 мың 900 теңгені құрады, оның ішінде: 1 380,0 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер, 878 809,6 мың теңге облыстық бюджеттен трансферттер,  1 685 694,8 мың теңге Ұлттық қордан трансферттер, 962 687,9 мың теңге аудандық бюджет қаражаты.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. С. Беркееваның «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» есебі назарға алынсын.

2. Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының 2025 жылға арналған Целиноград аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдау.

3. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Целиноград аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдау.

4. «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» есептер бойынша Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қоса беріліп отырған қорытындысы бекітілсін және Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г. Г. Сабитоваға Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясында қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.

5. Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының бекітуіне «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» шешімнің жобасы енгізілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Целиноград аудандық

мәслихаттың тұрақты

комиссияларының төрағалары                    Г. Сабитова

                                                                                    А. Капанов   

                                                                                     Б. Рымкулов

 

Тұрақты комиссиялардың

2026 жылғы 14 мамырдағы

№ 02-03/232   қаулысына қосымша

 

Целиноград аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бойынша қорытынды

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарады.

Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының Целиноград ауданының 2025 жылға арналған Целиноград ауданы бюджетінің, Целиноград ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есептерін зерделей отырып, тұрақты комиссиялар атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтеді.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық белгіленген әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру үшін негіз болған, есептік кезеңдегі аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Мәселен, 2025 жылға арналған аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жалпы көлемі трансферттерді ескере отырып 43 245,9 миллион теңгені құрады және тиімді әкімшілендірудің арқасында жоспар 101,0 пайызға асыра орындалды.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі өз қаражаты есебінен (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 2026 жылғы 01 қаңтарға 6 611,0 миллион теңгені құрады, 110,2 пайызға орындалды, нақты түсім 7 283,1 миллион теңгені құрады, 672,1 миллион теңгеге асыра орындалды.

Аудан бойынша салық түсімдерінің өсу қарқыны 109,5 пайызды құрады, 587,7 миллион теңгеге өсті, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер есебінен – 215,4 миллион теңге, жеке табыс салығы бойынша - 25,2 миллион теңге, әлеуметтік салық бойынша - 294,0 миллион теңге, меншік салығы бойынша - 49,8 миллион теңге, салықтық емес түсімдер бойынша өсу қарқыны 9,9 миллион теңге өсіммен, 103,8 пайыз өсу қарқынымен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 74,5 миллион теңгені, өсім 153,8 пайызды құрады.

Жоғары тұрған бюджеттерден 32 719,0 млн. теңге сомасында, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен трансферттер – 15 464,5 миллион теңге, облыстық бюджеттен трансферттер - 17 254,5 миллион теңге.

Жоспар бойынша аудан бюджетінің шығыс бөлігі 43 245,9 миллион теңге, 40 857,9 миллион теңгеге немесе 94,5 пайызға орындалды, игерілмегені - 2 388,0 миллион тенге.

Ұлттық Қордан, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 93,8 пайызға игерілді, жоспар 15 464,5 миллион теңгені құрады, 14 501,8 миллион теңге игерілді, игерілмеген қаражаттың қалдығы - 962,7 миллион теңге, оның ішінде:

-        жұмыс кестесінен кешігуге байланысты - 855,6 миллион теңге (697,9 миллион теңге - Қызылсуат ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту, 157,7 миллион теңге - Софиевка ауылындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін қайта жаңарту);

-        бюджет қаражатын үнемдеу 107,1 миллион теңге (Ақмол ауылында (электрмен жабдықтау желісі) жаңа құрылысқа инженерлік желілерді абаттандыру және салу - 103,2 миллион теңге, Оразақ ауылының көше-жол желісін салу-2,3 миллион теңге);

Республикалық бюджеттен 282,8 миллион теңге жоспар бойынша кредиттер толық көлемде 100 пайызға игерілді;

облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 93,2 пайызға игерілді, жоспар 17 254,5 миллион теңгені құрады, 16 085,9 миллион теңге игерілді, игерілмеген қаражаттың қалдығы - 1 168,6 миллион теңге, оның ішінде:

-        жұмыс кестесінен кешігуге байланысты 362,8 миллион теңге (269,3 миллион теңге - Өтеміс ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу, 93,5 миллион теңге - Қабанбай батыр ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу);

-        жалпы сомасы 380,2 миллион теңгеге авторлық қадағалау туралы ескертулер жойылмаған.

-        бюджет қаражатының үнемделуі 118,8 миллион теңгені құрады (Мәншүк Мәметова ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу - 26,2 миллион теңге, Аққайың ауылында - 5,1 миллион теңге, Мортық ауылының көше жолдарын күрделі жөндеу - 8,8 миллион теңге, Ақмол ауылының орталық қазандығының ағымдағы жөндеуі - 8,6 миллион теңге, Жаңаесіл ауылында дәрігерлік амбулаторияға сыртқы инженерлік желілерді салу - 2,7 миллион теңге, Жарлыкөл ауылының медициналық пункт -41,1 миллион теңге, Қараменді батыр ауылында сумен жабдықтау желілерін салу - 26,2 миллион теңге).

Аудандық бюджет 97,5 пайызға игерілді, жоспар 10 244,1 миллион теңгені құрады, 9 987,4 миллион теңге игерілді, игерілмеген қаражаттың қалдығы - 256,7 миллион теңге, оның ішінде:

-        2025 жылы толық пайдалануға рұқсат етілген трансферттер бойынша мемлекеттік сатып алуларды үнемдеу - 121,5 миллион теңге (Ақмол ауылында жаңа құрылысқа инженерлік желілерді абаттандыру және салу (электрмен жабдықтау желілері);

-        тауарды уақтылы жеткізбеу, талап етілмеген қаражат - 86,6 миллион теңге (көшелерді жарықтандыру, техникалық тұз сатып алу);

-        48,6 миллион теңге мемлекеттік органдарды ұстау және басқа да ағымдағы шығыстар бойынша үнемдеу.

Жыл ішінде аудан бойынша жоғары тұрған бюджеттерді түзетуге байланысты қаржыландыру жоспарлары бойынша өзгерістер 13 рет жүргізілді.

Барлық нақтылауларды ескере отырып, жыл ішінде 1,1 миллиард теңге сомасында 5,5 миллиард теңге бөлініп, жыл соңында 6,6 миллиард теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2025 жылы бюджеттің шығыс бөлігі алғаш енгізілген бастамалар есебінен де, қолданыстағы төлемдер көлемін индекстеу және кеңейту арқылы да ұлғайтылды және толықтырылды, осылайша, техникалық персоналдың лауазымдық жалақысына 50 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақы белгілеу 78 миллион теңге сомасында (жүргізушілерге, тазалаушыларға - 46 бірлік) және ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарына - 53 бірлік қаражат көзделді.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға аудандық бюджет есебінен 919,8 миллион теңге сомасында бөлінді, көзделген қаражат, оның ішінде:

- Ақмол ауылында 10 көппәтерлі тұрғын үй салу - 739,2 миллион теңге;

- Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй салу (2 позиция) - 104,0 млн. теңге;

- Қабанбай батыр ауылында сумен жабдықтау желілерін салу - 20,5 миллион теңге;

- сумен жабдықтау объектілерін салуға жобалау сметалық құжаттама әзірлеу (Тастақ, Сарыкөл, Қараменді батыр, Қосшоқы) - 39,9 миллион теңге;

- Ақмол, Қоянды, Қаражар, Талапкер, Қараөткел, Қабанбай батыр мектептеріне инженерлік желілер салуға жобалау сметалық құжаттама әзірлеу (атқарушылық жазбаға сәйкес берешекті төлеу) - 12,2 миллион теңге;

- Софиевка ауылында мал қорымын салуға жобалау сметалық құжаттама әзірлеу - 4,0 миллион теңге.

Сондай ақ мынадай ағымдағы шығыстар бойынша қаражат көзделген:

Ауылдардың, ауылдық округтердің аппараттары бойынша аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 607,1 миллион теңге сомасында қаражат 17-ден астам елді мекенде балалар ойын алаңдарын, спорт алаңдарын жайластыруға, аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстарға, бейнебақылау камераларын орнатуға бағытталған.

Ауылдардың, ауылдық округтердің аппараттары бойынша аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 787,9 миллион теңге сомасында көше жарығын төлеуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, көше жарығын орнатуға жұмсалатын қаражат көзделген.

Ауылдық округтер әкімдіктеріне автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 359,8 миллион теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға 140,0 миллион теңге бөлінді.

Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жергілікті бюджеттен 121,5 миллион теңге сомасында бөлінді, қосымша қаражат көзделген, оның ішінде:

- жасы бойынша зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеу - 20,0 миллион теңге;

- қарттар күніне барлық санаттағы зейнеткерлерге төлемдер (3 айлық есептік көрсеткіш) - 48,0 миллион теңге;

- тыл еңбеккерлеріне (10-нан 15 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту) - 1,5 миллион теңге;

- жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін санаторий-курорттық емдеу (30 айлық есептік көрсеткіш) - 5,0 миллион теңге;

- Халықаралық әйелдер күніне төлемдер («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға) (2 айлық есептік көрсеткіш) - 8,3 миллион теңге;

- I топтағы мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеуге алып жүруге әлеуметтік көмек - 13,0 миллион теңге (30 айлық есептік көрсеткіш);

- жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне коммуналдық қызметтер (2 айлық есептік көрсеткіш) - 4, 0 миллион теңге;

- тұрғын үйді газдандыру бойынша шығындарды өтеу (70 айлық есептік көрсеткішке) - 14,0 миллион теңге;

- ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға (15 айлық есептік көрсеткіш) - 7,7 миллион теңге;

Үшінші деңгейдегі ауданның бюджеті бюджеттік бағдарламалардың 21 әкімшісі бөлінісінде орындалады, бұл 14 дербес бөлім және 7 ведомстволық бағынысты мекеме. Ауданның жалпы бюджеті 43,2 миллиард теңгені құрайды, шығындардың 86пайызы немесе 37,2 миллиард теңге сомасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және салу, жылу энергетикалық және газ тасымалдау жүйелерін, сумен жабдықтау жүйелерін дамыту, жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану, жолдарды салу және күрделі жөндеу жобаларын іске асыру сияқты бағыттарда нақты сектордың іс-шараларын іске асыруға түседі. Жалпы, 2025 жылы аудан аумағында нақты сектордың 95 іс-шарасы іске асырылды: 58 Бюджеттік инвестициялық жоба, күрделі жөндеу бойынша 17 жоба және ағымдағы сипаттағы 20 жоба (білімсіз және денсаулық сақтаусыз), оның ішінде 19 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде: Ақмол ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй (2 позиция), Малотимофеевка, Нұресіл, Қараменді батыр ауылдарында сумен жабдықтау желілерін салу, Ақмол, Қараөткел ауылында (2 кезек) электрмен жабдықтау желілерін салу, Аққайың, Шұбар, Ыбырай Алтынсарин, Талапкер, Қоянды, Қараөткел газбен жабдықтау желілері объектілерінің құрылысы бойынша 6 объект (1, 2, 3 іске қосу кешені) және Тонкерис, Арайлы, Рахымжан Қошқарбаев ауылдарының фельдшерлік-акушерлік пункттерінің инженерлік инфрақұрылымы, 4 жол жобасы: Мәншүк Мәметова ауылының көше жол желісін күрделі жөндеу, Мортық, Қызыл суат, Қараөткел ауылдарындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеу (электр жарықтандырудың 2 кезеңі).

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. 2025 жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жас мамандарға қолдау көрсетті. Республикалық бюджеттен 282,8 млн теңге бөлудің арқасында 33 маман өз тұрғын үйін ала алды. Бұдан басқа, аудандық бюджет қаражаты есебінен (99,8 миллион теңге) көтерме жәрдемақылармен 254 маман қамтамасыз етілді, бұл олардың біздің аудандағы ұзақ мерзімді жұмысы үшін сенімді іргетасқа айналды.

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған аудандық бюджетті атқару мәселелерінде кемшіліктер мен олқылықтар бар.

2025 жылғы кезеңде игерілмеген қаражат сомасы 2 миллиард 387 миллион 995 мың 900 теңгені құрады, оның ішінде: 962,7 мың теңге Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен трансферттер, 1 168,6 мың теңге облыстық бюджеттен трансферттер, 256,7 мың теңге аудандық бюджет қаражаты.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жол берілген кемшіліктерді жоюды ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті бекітуді ұсынады.

 

Целиноград аудандық

мәслихаттың тұрақты

комиссияларының

төрағалары                                                Г. Сабитова

                                                                         А. Капанов   

                                                                         Б. Рымкулов

14.05.2026 жылғы № 02-03/232 қаулы
Дата публикации
28 мая 2026