Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 497/65-8 16 сәуір 2026 жыл
Целиноград ауданы
әкімдігінің жанындағы
аудандық ақсақалдар
Кеңесінің дербес
құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес және Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 03-41/818 ұсынысы бойынша, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ақсақалдар Кеңесінің дербес құрамы бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 46/5-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы ақсақалдар Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 497/65-8 шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы ақсақалдар Кеңесінің дербес құрамы
|
Ныгметов Кайрат Кайрулинович |
Целиноград ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Кеңес төрағасы;
|
|
Ирешова Салтанат Сансызбаевна |
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Кеңес хатшысы;
|
|
Аппасов Зейнолла Кабиденович
|
Акмол ауылының тұрғыны, зейнеткер (келісім бойынша);
|
|
Дистергефт Владимир Гельмутович |
Ақмол ауылы «Жұлдыз» балабақшасы директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, (келісім бойынша);
|
|
Тугельбаев Жанат Салкенович |
«Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» «Целиноград ауданы газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісім бойынша);
|
|
Чмутов Владимир Иванович |
Ақмол ауылының тұрғыны, зейнеткер (келісім бойынша). |