Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 494/65-8 16 сәуір 2026 жыл
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы
қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi
комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 09 сәуірдегі № 03-40/815 ұсынысы бойынша Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 377/49-8 «Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 494/65-8 шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссияның дербес құрамы
|
Нуртазин Аскар Айтмухамбетович |
Целиноград ауданының әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Ергалиев Бахтияр Оралбаевич |
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
|
|
Маймакова Айнура Азаматовна
|
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі бас маманының міндетін атқарушы - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, комиссия хатшысы; |
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Байдилдина Жанар Еркиновна |
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
|
|
Муратова Эльмира Нураловна |
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
|
|
Ныгметов Кайрат Кайруллинович
|
Целиноград ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); |
|
Умарова Динара Сабитовна |
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы;
|
|
Хасенова Жанар Наухановна |
Целиноград аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы (келісім бойынша). |